Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нда ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
1790 / 13.12.2016 00:00

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нда ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Ү.ж. 13 желтоқсаны күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-нда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Саланатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқар Мамин, «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ Төрағасы Джавид Гурбанов, «Рохи охани Точикистон» МБК Бастығы Комил Мирзоалиев қатысты.

Сала еңбеккерлерін Тәуелсіздіктің 25-жылдығымен құттықтаған А.Мамин «Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев басшылығымен тарихи өлшеу бойынша қысқа мерзімнің ішінде мемлекеттік құрылыс пен экономикалық дамуда, қоғамдағы келісім мен бейбіт өмірді сақтауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін» айтты.

А.Мамин Қазақстанның әлемнің 30 дамыған ел қатарына кіру жөніндегі міндеттерді шешу жолында көліктік-логистикалық кешеннің маңызды рөлін атап өтіп, «Қазақстан темір жолы» АҚ-на ғаламдық нарықта инфрақұрылым мен құзыреттің кешенді дамуын, серіктестік қарым-қатынастарының кеңейтілуін қарастыратын транзиттік әлеуетті дамыту бойынша ел стратегиясын жүзеге асыру сенімі артылып отыр», — деді.

Салтанатты жиналыс барысында өз баяндамасын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев оқыды.

Қ.Алпысбаев Елбасының Қазақстанның көліктік-логистикалық кешенін дамытудағы рөлі мен оның әлемдік көліктік жүйеге кіруін атап өтті.

«Өңірлер арасындағы ішкі коммуникацияларды қамтамасыз ету мен елдің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыру үшін жалпы ұзақтығы 2500 шақырымды құрайтын жаңа теміржол салынды», — дейді Қ.Алпысбаев.

2008 жылдан бастап 1000 астам локомотив, 37,5 мың жүк вагоны және шамамен 1500-ге жуық жолаушылар вагоны жаңартылып, жолдың 4 700 шақырымы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілген.

Мемлекеттік индустрияландыру және импортты алмастыру саясатының аясында әлемдік көшбасшылармен серіктестікте меншікті өндіріс ұйымдастырылды. Бүгінгі күні замануи локомотивтер мен вагондар шығарылып, рельстер мен жолдың жоғарғы құрылысының материалдары жасалуда.

Жылдамдықты жолашылар тасымалдарын ұйымдастыру бағдарламасы жүзеге асырылды. Қазақстанның барлық ірі қалалары жылдамдықты жолаушылар маршураттарының жүйесімен байланыстырылып отыр.

Елбасының тапсырмасы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ көліктік-логистикалық кешенді, транзиттік әлеуетті және ғаламдық инфрақұрылымдық біріктіруді дамытуға қатысты міндеттері атқарылуда.

Дәл қазіргі уақытта Компания теміржол тасымалдарымен қатар, теңіз тасымалдарын да жүзеге асырады, көліктік-логистикалық орталықтардың, сонымен қатар теңіз кемежайлық, әуежайлық және автожол инфрақұрылымының қызметтерін көрсетуде.

Компания «Нұрлы жол» бағдарламасы жөніндегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысуда.

Аталмыш бағдарламалардың аясында теміржол, автожол, теңіз және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА аумағында «құрғақ кемежайдың» және инфрақұрылымның құрылысы сәтті аяқталды. Құрық кемежайы жанындағы алғашқы іске қосу кешендері мен Алматы — Шу желісіне тиесілі екінші жол іске қосылды.

Еуразиялық кеңістіктегі жүк, ағындары дистрибуциясының негізгі тораптарында КЛО ішкі және сыртқы жүйесі қалыптастырылуда.

ЭКСПО — 2017 қарсаңында Компания Астанада әуежайдың жаңа халықаралық жолаушылар терминалы мен замануи темір вокзалының құрылысын жүргізуде.

Теңіз тасымалдарын дамыту және Транскаспий маршрутын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Компания қазақстандық флотты ұлғайтуда.

Қ.Алпысбаевтың айтуына қарағанда, «жаңа жүк, ағындарын тарту жөніндегі жұмыс 2013 жылдан бері орын алып келе жатқан жүк айналымы құлауының жағымсыз трендтерін тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр».

«Ғаламдық көліктік-логистикалық нарықтағы бұдан арғы жылжу «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жете бәсекелестік жағдайларында сервистің сапасы мен тиімділігіне қойылатын жоғарғы талаптарын қанағаттандыру қабілеттілігіне тікелей байланысты», — дейді компания жетекшісі.

Сондықтан да, Бизнес трансформациясының бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен инфрақұрылым операторынан халықаралық бәсекелестік нарыққа бағытталған жүк бизнесін бөліп шығаруға қатысты ұйымдастырушылық өзгертулер жүзеге асырылуда.

Қ.Алпысбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ бар ұжымының үйлесімді жұмысын атап өтіп, әлеуметтік қолдау шаралары жайлы, ақпараттандырды.

Салтанатты жиналыс барысында еліміздің көліктік-логистикалық кешенінің тұруы мен дамуына үлес қосқан еңбеккерлерге мемлекеттік наградалар тапсырылды.

ІІ дәрежелі «Достық» Орденімен «Әзірбайжан темір жолы» ЖАҚ Төрағасы Джавид Гурбанов пен «Рохи охани Точикистон» МБК Бастығы Комил Мирзоалиев марапатталды. Жоғары марапатқа теміржол әкімшіліктерінің жетекшілері көлік және логистика саласындағы қызмететстікті дамытуға қосқан үлестері үшін ие болды.

ІІ дәрежелі «Барыс» Ордені «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Президенітінің Кеңесшісі Фарит Галимовқа табыс етілді.

Саланың еңбеккерлері сонымен қатар, «Парасат», «Құрмет» Ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен атап өтілді.

Поделиться:
Популярные новости
177 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

314 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

241 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер