Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Пресс-релиз
92 / 01.06.2026 08:20

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қаласының 11 жастағы тұрғыны Жанғалиев Әмірдің арманын орындады. Теміржол көлігіне ерекше қызығушылық танытатын Әмір болашақта машинист болуды армандайды. Әмір пойыздарды, бағыттарды, электровоздар мен тепловоздарды зерттейді, теміржол вокзалына жиі барып, теміржол техникасын бейнетаспаға түсіреді. Өз өтінішінде ол тепловоз кабинасын көріп, локомотив бригадасының жұмысымен танысқысы келетінін жеткізген. Бүгін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Ақтөбе» филиалы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Ұзақбаев Ренат Асқарұлы жас қонақ үшін локомотив депосына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында Әмір өндірістік цехтарды аралап, локомотивтерге қызмет көрсету үдерісімен танысты, теміржолшылардың жұмысын көрді және локомотив кабинасында болды. Сондай-ақ оған машинист мамандығы мен теміржол саласындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы айтылды. Кездесу қорытындысында Әмір алған әсерлерімен бөлісіп, болашақ өмірін теміржол саласымен байланыстыру арманының одан әрі нығая түскенін атап өтті.
Поделиться:
Популярные новости
15 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

452 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер