Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілік-тұрмыстық кешенді және локомотив бригадаларының демалыс үйін қамтитын айналымдағы локомотив депосының ғимаратына күрделі жөндеу аяқталды.
Депо ғимараты 1993 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Ғимараттың ауданы шамамен 4,3 мың шаршы метрді құрайды.
Жөндеу барысында:
іргетас блоктары күшейтілді;
шатыр толығымен жаңартылды;
ғимараттың қасбеті жөнделді;
инженерлік желілер мен электр коммуникациялары ауыстырылды;
цехтардың технологиялық жабдықтары жаңғыртылды;
доңғалақ жұптарын қайрау үшін КЖ-20 станогы орнатылған;
локомотивтерге техникалық қызмет көрсету үшін қарау арықтары жөнделді.
Сондай-ақ, әкімшілік-тұрмыстық корпустың және локомотив бригадаларының демалыс үйлерінің үй-жайлары жаңартылды, жаңа жиһаз сатып алынды.
Жүргізілген жөндеу локомотивтерге техникалық қызмет көрсетудің сенімділігін арттыруға және локомотив бригадаларының Еңбек және демалыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.