ҚТЖ еліміздің ЖЭО-на нормативтік Көрсеткіштерден жоғары көмір жеткізді
2024-2025 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде ел бойынша 29 млн тоннадан астам көмір темір жол көлігімен жеткізілді. Оның ішінде елдің ЖЭО үшін 26 млн тоннадан астам, ал коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 3 млн тоннадан астам көмір тасымалданды.
Республиканың ЖЭО-да нормативтік көрсеткіштерден асатын көмір қоры, яғни 5,4 млн тоннадан астамы жинақталған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% артық.
Жылыту маусымына коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттілігі 8,2 млн тоннаны құрайды, көмір тұйықтарында 600 мың тоннадан астам көмір бар.
ҚТЖ-да көмір тасымалдауды үйлестіру үшін тәулік бойы жұмыс істейтін штаб бар.
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдерімен күн сайын кеңестер өткізіледі.
Көмір тасымалдауға тартылған вагон паркі шамамен 20 мың бірлікті құрайды. ҚТЖ жүк жөнелтушілерінің барлық өтінімдерін 100% орындауда, көлемдер әкетілуде, көмір тиеуге арналған бос жартылай вагондар қоры 3-4 тәулікке қол жетімді.
Компания барлық тұтынушылар үшін көмірдің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуді жалғастыруда және көмір операторлары мен жүк жөнелтушілерді, әсіресе күзгі-қысқы кезеңнің басында, тасымалдауға өтінім беруді жеделдетугешақырады.
«ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметі