Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті
862 / 25.12.2024 15:08

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39% - ке артық. Орталық Азия елдері мен Қытайға қара металдардың экспорты 9% өсті.

Қарағанды бөлімшесі қара металдарды тиеу көлемін арттырып қана қоймай, басқа жүктерді тасымалдауды да белсенді дамытуда. Өңірдің жүк ағынының едәуір бөлігін құрайтын көмір тасымалдау көлемі биыл 15 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 млн тоннаға артық. Сондай-ақ, арнайы кокс, марганец және басқа да пайдалы қазбаларды тасымалдау көлемі ұлғайды.

Болжам бойынша, тасымалдау көлемінің өсуі 2025 жылы да жалғасады, бұл инфрақұрылымды жаңғырту және логистикалық процестерді жақсарту бойынша қосымша күш-жігерді қажет етеді.

Тасымалдау көлемінің, оның ішінде қара металдар мен көмірдің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін Қызылжар станциясында инфрақұрылымды кеңейте отырып, реконструкция жүргізілді. Қосымша, соның ішінде төрт қабылдау және бір тартымдық жолы салынды,. Қазіргі уақытта екі жаңа қабылдау-жөнелту жолы пайдалануға берілді.
Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

280 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер