Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің жаңа экспорттық бағыттары
939 / 20.12.2024 10:27

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің жаңа экспорттық бағыттары

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға артып, 6,9 миллиард тонна-километрді (ткм) құрады. Тасымалдау жоспары 19%-ға  орындалды.

Жылдың маңызды оқиғаларының бірі жаңа экспорттық маршруттардың басталуы болды. 2024 жылы Маңғыстау бөлімшесі алғаш рет Әзірбайжанның Говсан порты мен Грузиядағы Батуми порты арқылы әрі қарай транзитпен ТМТМ бағыты бойынша Ақтау және Құрық порттары арқылы аммиак селитрасын жөнелтуді және жүктеуді жүзеге асырды. Осы бағыт бойынша бүкіл әлем бойынша түпкі тұтынушылар үшін 50 мың тонна аммиак селитрасын жөнелту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Құрық портының "Саржа" терминалында астықты теміржол вагондарынан кемеге тікелей ауыстырып тиеу жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл процесс қазірдің өзінде өзінің тиімділігін көрсетті және қазіргі уақытта жалпы көлемі 24,2 мың тонна астықты құрайтын 6 кеме жөнелтілді.

Сондай-ақ, Құрық портында жылына 1 миллион тоннаға дейін астықты ауыстырып тиеу қуаты бар жаңа астық терминалының іске қосылуын атап өткен жөн. Терминал 27 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды сақтауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. 2024 жылдың қыркүйегінде іске қосылғаннан бері 11,7 мың тонна астықпен 3 кеме жөнелтілді.
Поделиться:
Популярные новости
19 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

457 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер