ҚТЖ желісі бойынша халық үшін жылыту маусымына шамамен 2 млн тонна көмір жеткізілді
Осы жылдың мамыр айынан 9 қыркүйегіне дейін, 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық басталғаннан бастап, ел халқына темір жол арқылы шамамен 2 млн тонна тас көмір жеткізілді. Көмір қажеттілігінің жоспары Қостанай және Павлодар облыстарында 100% орындалды. Мәлімделген қажеттілік жоспарынан жоғары Алматы, Жамбыл, Ұлытау облыстарына, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларына жеткізілді.
Жылу электр орталығы үшін темір жол көлігімен 20,3 млн тоннадан астам көмір жеткізілді.
ҚТЖ-да көмірді тасымалдау мәселесі ерекше бақылауда. Энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық жөнелтілімдері вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілген.
«ҚТЖ Жүк тасымалдау» ЖШС баспасөз қызметі