Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарламасының 4-ші модулін сәтті іске қосты. Бағдарлама Компания қызметкерлерінің кәсіби дағдылары мен құзыреттерін арттыруға бағытталған.
Оқытудың бірінші кезеңінде 1,2 және 3 модульден техникалық қызмет көрсету пункттерінің (ТҚП) 51 бастығы және ВагонСервис учаскелерінің 16 бастығы өтті.
Ерекше көзге түскен 8 ТҚП бастығы Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқуды бастады, онда оларды төмендегі тақырыптар күтуде:
1. Жүк және жолаушылар вагондарының конструкциясы, вагондардың негізгі тораптарының құрылысы және өзара әрекеттесуі.
2. Кәсіби құзыреттілік жүйелері. Технологиялық бұзушылықтар және техникалық құралдардың істен шығуы.
3. Вагондарды жөндеудің барлық түрлерін жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
4. Жүк және жолаушылар үлгісіндегі арнайы вагондарды жөндеуге қойылатын талаптар.
Оқыту бағдарламасы сыртқы провайдерлерді, компанияның ішкі тренерлерін де тартуды қоса алғанда, озық әдістерді қолдануды көздейді. Бағдарламаның маңызды элементі - интерактивті сабақтар, алған білімдерін практика жүзінде пысықтау, кәсіби дағдыларды дамыту, сондай-ақ, бейінді сарапшылардан кері байланыс беру болып табылады. Бұл бағдарламаның іске қосылуы"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС-нің,өз қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасы мен Компания жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
"ҚТЖ Жүк-тасымалы" ЖШС баспасөз қызметі.