Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
500 / 26.02.2024 14:27

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ҚР мен ҚХР арасындағы тасымалдау көлемінің артқанын атап өтті.

Ұлттық жүк тасымалдаушы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тасымалдау көлемінің айтарлықтай өсуін атап өтуде.  Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айындағы жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артып, 2,4 млн. тоннаны құрады.
2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 43%-ға өсіп, 1 млн тоннаны құраған Қытайға жүк экспорты ерекше жоғары серпін көрсетуде.  Бұл қомақты өсім тасымалданатын жүктердің барлық номенклатурасы бойынша байқалады, соның ішінде:

- Темір кені 19%-ға;
- Астық 37%-ға;
- Қара металдар 2 есе;
- Түсті металдар 2,2 есе;
- Контейнерлердегі басқа да жүктер 2,2 есеге артқан.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қытай Халық Республикасындағы әріптестерімен үздіксіз жеткізімді  қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Поделиться:
Популярные новости
42 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

164 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

101 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер