Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
437 / 02.08.2023 00:00

ҚТЖ мұнай өнімдерін тасымалдауға ерекше көңіл бөлуде

2023 жылғы жеті ай қорытындысында ел бойынша темір жол көлігімен 6,3 млн.тоннадан астам бензин, дизель отыны және сұйытылған табиғи газ тиелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда газ тасымалдау 13% өсті. Құймалы мұнай жүктерін тиеу жоспары орындалуда.

Біркелкі және үздіксіз тасымалдауға сыртқы факторлар әсер етеді, атап айтқанда бірқатар мұнай өңдеу зауыттарын жөндеумен тоқтатуға байланысты.

Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз, МӨЗ өкілдерінің және вагондардың жеке операторларының қатысуымен ҚТЖ жедел штабының тәулік бойы жұмыс істеуінің арқасында мұнай өнімдерін жеткізудің тиімділігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

 Штаб күнделікті отырыстар өткізеді. Тиелген және бос вагондардың ілгерілеуін бақылау үшін жеке диспетчерлер бөлінді, жылжымалы құрамның айналымы қамтамасыз етіліп, тасымалдарды маршруттау есебінен станциялар жұмысының тиімділігі артты.

Мұнай өнімдері мен газды тасымалдауды ұйымдастыру үшін жеке операторлардың бейінделген вагон-цистерналары пайдаланылады. Қазақстанда барлығы 16,5 мың вагон бар.

 

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

10 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер