Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар жаңа Экологиялық кодексті басшылыққа алды
977 / 29.03.2021 00:00

Теміржолшылар жаңа Экологиялық кодексті басшылыққа алды

Қазақстанның барлық өңірлерінен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология қызметінің мамандары «Мемлекет басшысы 2021 жылғы 2 қаңтарда қол қойған жаңа ҚР экологиялық кодексінің нормалары мен талаптары" тақырыбында экологиялық қауіпсіздік жөніндегі онлайн-семинарға қатысты. Жаңа құжатта қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі шаралар қабылданған.

"Жаңа экологиялық кодекс «ластаушы төлейді» қағидатты қарастырады. Осыған байланысты қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялар үшін әкімшілік санкциялар ұлғайтылып, экологиялық бұзушылықтарға санкциялар қатаңдатылды. Бұл темір жол тасымалдарының экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыру және табиғи жүйелерді сақтау үшін үлкен ынталандыру", - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев.

Темір жолда қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстың басты мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау.

Аталған тәсілдерді іске асыру үшін 2021 жылға компанияда объектілерді ҚР Экология заңнамасы талаптарына сәйкес келтіру, ластануды жою бойынша іс-шаралар жоспарланған. Бұл ретте "жасыл технологияларға", сондай-ақ теміржолшылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық беріледі.

Атап айтқанда, "Тал отырғыз", "Бірге – Таза Теміржол", "Табиғатты сақта – батарейканы тапсыр" экологиялық акциялары және "Қоршаған ортаны қорғау" эко-сағаты жоспарланған.

Семинар барысында теміржолшылар ішкі бақылауды ұйымдастыру және экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылады.

Бүкіл әлемде теміржол көлігі электр тартқышты кеңінен қолдану есебінен атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын болдырмайтын және топырақтың ауыр металдармен ластануын төмендетуші экологиялық таза көлік түрлерінің бірі болып саналады.

"Экологиялық мәдениет барлық өндірістік процестердің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Біз барлық жоспарланған іс - шараларды толық көлемде орындап қана қоймай, осы бағыттағы қосымша пәрменді шараларды іске асыруға міндеттіміз",-деп атап өтті "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Берік Истлеев.

Экологиялық кодекс 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді.

Поделиться:
Популярные новости
32 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

113 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

345 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер