Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Қазақстан темір жолы желісі бойынша өткен маусым айында жүк тасымалының көлемі 1,4 %-ке өскен. Биылғы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша компания инфрақұрылымындағы жалпы жүк тиелімі 20,5 млн тоннаны құраған.
Яғни, жүк тиеу көрсеткішінің де былтырғыға қарағанда 1,4 пайыз шамасына өскені байқалады. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мамандары алға тартқан деректерге сүйенсек, көмір тасымалында да 2,8% өсім бар. Биылғы маусымда 7,1 млн тонна көмір тасымалданыпты. Бұл жүктің 4,8 млн тоннасы ел ішіне таратылған, өсім 4 %. Ал астық тиеліміне келсек, барлығы 653 мың тонна астық тиелсе, соның 446 мың тоннасы шетелге шығарылған. Мамандар мамыражай маусымда химиялық тыңайтқыштар тасымалы 22%-ке, темір кені мен күкірт шикізаты15%-ке өскенін айтып отыр. 2,2 млн тонна темір кені мен мырыш, 2 млн тонна құрылыс жүгі тасымалданған. Сөйтіп маусым айындағы пайдаланымдағы жүк айналымы 19,3 млрд. Т-км неттоны құрап, өткен жыл деңгейінен 8,5%-ке асып жығылған.
Ал бұл көрсеткіш 2020 жылдың алты айындағы жұмыс қорытындысы бойынша 111,8 млрд.т-км неттоны құрап, өткен жылдың есепті мерзімінен 3,9%-тік көтеріңкі шыққан. Жалпы алты айда 121 млн тонна жүк тиелген. Соның ішінде, 50 млн тоннаға жуық көмір тиеліп, соның 35,7 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жөнелтілген. Сонымен қатар 4,2 млн тонна астық, 8,8 млн тонна құрылыс материалдары, 12,6 млн тонна темір кені тасымалданған. Осы ретте, қара металл тасымалдарының 6,8 %-ға, химиялық тыңайтқыштардың 3,5%-ға, темір кені мен күкірт шикізатының 15,6%-ға артқаны байқалады.
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...