Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Белсенді теміржолшылар елордада ескі вокзалдың алдында тұрған Эш-4161 сериялы паровозды Нұр-Сұлтан қаласының мәдени мұралары нысандары қатарына кіргізу туралы ұсыныс айтуда.
Бұл оны вандалдар мен жергілікті қаңғыбастардан сақтайды. Жыл сайын елордалық локомотив пайдалану депосының жұмысшылары тарихи нысанды ретке келтіріп, жөндейді, тазалап, сырлайды. Алайда біраз уақыттан кейін ескерткішке қайтадан мародерлер тарапынан залал келтіріледі.
Эш-4161 сериялы паровоз - Қазақстандағы ең бір ескі паровоздардың бірі. Биыл оның жасалу тарихында 98 жыл.
Мұндай ескерткіш орнату - ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан темір жолының 100 жылдығына орай ұсынған идеясы.
Раритетті техника Елордаға Жамбыл депосынан әкелінді.
Эш-4161 паровозы Кеңес одағының тапсырысымен 1922 жылы Швецияда жасалған. Кеңес үкіметі сол кезде осындай 1000 машинаға тапсырыс беріп, оның құнын алтынмен өтеген. Паровоз биыл 90 жылдығы атап өтіліп жатқан Түркістан-Сібір теміржолы телімдеріне қызмет көрсеткен.
Ұлы Отан соғысы жылдарында паровоз майдан шегіндегі жерлерге жүк тасыған. Талай рет оқ пен бомбалар астында да қалған. Соғыстан кейін паровозды ескі сыр қалдықтарынан тазарту кезінде теміржолшылар «Неміс оккупанттарына өлім!» деген жазуды оқыды.
1945 жылы машина Жамбыл локомотив пайдалану депосына беріледі, ол мұнда маневрлік қозғалыстар үшін пайдаланылады. 1982 жылы түтіні будақтаған тартым күшін тепловоз дар мен электровоздар алмастырды, паровоз депода тұғырға қойылып, сонда 21 жыл тұрды. Теміржолшылардың барлық маңызды шаралары паровоз тұғыры алдында өтетін.
Содан кейін елордада мәңгілік орынға жайғастырылды. Тарихи паровозға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оның өткен жолдары жазылған естелік тақта орнатылды. 2014 жылы ескерткішті көруге келген Швецияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Манне Вэнгборг Қазақстан теміржолшыларына тарихи құндылықты күтіп ұстағандары үшін алғысын білдірді.
Елордадағы депо қызметкерлері паровоз ескерткішін өңірлік маңызды мәдени мұралар қатарына жатқызуға лайықты нысан екенін айтып отыр. Тарих пен мәдениет ескерткіші ретіндегі мәртебе оны ұзақ жылдар бойына сақтап, аудандық әкімдік пен құқық қорғау органдары бастаған мемлекеттік қолдау кепілдігін береді.
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...