Ақмолалық теміржолшылар дала өртін сөндіруге атсалысты
2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк по...
Коронавирус індетінің таралуымен байланысты еліміз теміржолшылары үшін техникалық оқыту онлайн-режимде жүргізілуде. Сонымен, бұрын пойыздар қозғалысымен тікелей байланысты жұмысшылар өздерінің кәсіби деңгейін ұстап тұру үшін кем дегенде айына екі рет техникалық сабақтарға баруы тиіс еді.
Ол сабақтарда пойыздар қозғалысымен байланысты операцияларды орындауда қауіпсіздік мәселелері және де апаттық пен стандарттық емес жағдайларда іс-әрекет тәртібі қарастырылатын. Маңғыстаулық теміржолшылар тұрақты түрде танымал бейнеалаңда орналастырылып тұратын, әріптестері үшін пайдалы бейнелер циклын түсіріп, қашықтықтан оқытуды жетілдірді. Бейнеарна жазылушыларын лезде жинап алды. Оларға өзге елдер: Ресей, Украина, Польша, Эстония, Латвия және Моңғолия теміржолшылары да қосылды. Олар осындай бейнеәдістеме айтарлықтай көрнекі және ақпараттық екендігін атап өтуде.
- Қашықтықтан оқыту жөніндегі біздің жобамызды іске қосқаннан кейін теміржолшылар үйлерінен шықпай – ақ уақыттарын тиімді жоспарлай отырып, өз білімдерін толықтыра алады. Сонымен қатар, ең басты артықшылығы, аталған материалдарды тәулік бойы пайдалана алады, ол үшін кәдімгі смартфон мен жеткілікті трафигі болса жарай береді. Бұл тәуліктің кез келген уақытында пойыздар қозғалысындағы стандартты емес жағдайлар туындаған кезде жедел көмек қажет болғанда жұмысшылар үшін өте маңызды, - дейді Маңғыстау бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов.
Пайдалы бейнеоқыту Темір жолды пайдаланудың техникалық ережесі, Пойыздар қозғалысы жөніндегі нұсқаулық, Қазақстан Республикасы темір жолындағы белгі беру және байланыс жөніндегі нұсқаулық сияқты және өзге де курстармен өткізілуде. Жоба авторларының пайымынша, бейнесабақтар теміржолшылардың дағдылары мен білігін, кәсіби білім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк пойызының машинисты Константин Власов ...
2023 жылдың 22 мамырында Семей станциясының өрт сөндіру пойызы Абай облысының Ауыл ...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас темірж...