Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1351 / 23.07.2024 10:09

Хабарландыру

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының талаптарын орындау шеңберінде ЕАЭО-ның кедендік аумағында халықаралық тасымалдау көлік құралдарының (бұдан әрі – ХТКҚ) болуы және пайдаланылуы шарттары белгіленгенін хабарлайды.
"ҚР – дағы кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің (бұдан әрі-ҚР Кодексі) 357-бабының 2-тармағында жүктерді ішкі тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін ХТКҚ-ның кедендік аумағында болу мерзімі осындай ішкі тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті уақытқа белгіленетіні, бірақ халықаралық көлік құралдарының күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын уақытқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінің аумағында белгіленген.
ҚР Кодексінің 40-тарауына сәйкес уақытша әкелінген ХТКҚ өзге тұлғаларға, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беруге жол берілмейді.
Егер ХТКҚ жалға (қосалқы жалға) берілген жағдайда, ол ҚР Кодексінің 31-тарауына сәйкес уақытша әкелудің (рұқсаттаманың) (ИМ-53) кедендік рәсімімен орналастырылуға тиіс.
Егер ХТКҚ шектеусіз иелену, пайдалану және билік ету үшін меншікке сатып алынған жағдайда, ХТКҚ ҚР Кодексінің 22-тарауына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен (ИМ-40) орналастырылуға тиіс.
ХТКҚ-ға уақытша әкелу мерзімдерін ұзартуға өтініш берген кезде, ҚР аумағында ХТКҚ болуының дәлелді себептері болмаған кезде 90 күннен астам (жөндеу, авария, еңсерілмейтін күштің қолданылуы және т. б.), уақытша әкелу мерзімдерін ұзартудан Кодекстің 357-бабының 2-тармағына сәйкес ҚР ҚМ МКК нұсқауы негізінде тасымалдаушыға бас тартылатынын атап өтеміз.
Шет мемлекеттердің вагондарын меншікке сатып алу, жалға алу (қосалқы жалға алу) кезінде оларды кедендік тұрғыдан тиісінше ресімдеу жөніндегі міндет және ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасының талаптарын бұза отырып ХТКҚ-дарын пайдаланғаны үшін жауапкершілік осындай ХТКҚ билік ететін тұлғаға жүктеледі.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер