Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
2082 / 17.05.2024 14:14

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының міндеті.
Біз Қазақстанның барлық өңірлерінде күрделі және ықтимал қауіпті жұмыстарды орындай отырып, ірі компанияда жұмыс істейміз. Күн сайын біз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатына әсер ететін шешімдер қабылдаймыз. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС көшбасшылығының ең басты ұстанымдары адамдардың қауіпсіздігі бірінші кезектегі маңызға ие екендігін және айқындығын айғақтайды.
Мен, Бас директор ретінде, жұмыстарды жүргізу кезінде орын алу қауіпін толығымен жоққа шығаруға болатынына сенімдімін. Біз «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік көрсеткіштерді мақтанышпен көрсетуі үшін, бар күш-жігерімізді салып, бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу жалпы бірдей қолдаусыз, тұрақты күш-жігерсіз жетілдіру мүмкін емес.
Бізден басқа ешкім жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді-бұл үшін барлық деңгейдегі жұмысшылар күнделікті күш салуы керек.
Мен әр қызметкердің еңбек қауіпсіздігі саласындағы қарапайым қағидаларды меңгергенін қалаймын. Жұмыс басталғанға дейін әрқайсымыз әр қызмет түрі бойынша ережелерді түсініп, оларға сәйкес жұмыс жасауымыз керек, еңбек қауіпсіздігі ережелері мен қауіпсіз еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды сақтауға ерекше назар аударуымыз қажет. Бұл ережелер сіздің және әріптестеріңіздің денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.
Кез келген оқиға туралы ақпараттың ашықтығы және қолжетімділігі болашақта осындай оқиғалардың алдын алудың негізгі факторы болып табылатынын әрқашан есте сақтауымсыз қажет – біздің Компаниямыздың талаптарына сәйкес оқиғалар туралы нақты ақпарат міндетті болып табылады.
Әрқайсыңыз жұмыс күнінен немесе жұмыс ауысымынан кейін үйге аман-есен оралуыңыз үшін осы қарапайым ережелерді сақтауға шақырамын.
Жарақатсыз жұмыс-бұл әркімнің мақсаты мен міндеті, бұл Компанияның еңбек қауіпсіздігі қағидаттарына табандылық пен адалдықты қажет етеді. Осы асыл мақсат үшін сізден байланысты барлық нәрсені жасайтыныңызға сенімдімін.
Еңбек қауіпсіздігі-әркімнің ісі!
Құрметпен,
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры
Петров В. В.
Поделиться:
Популярные новости
208 / 27.09.2024

«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...

788 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

513 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер