Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Болашақ станциясында коронавирустың таралуына  жол бермеу жөніндегі шаралар енгізілді
1138 / 20.04.2020 14:44

Болашақ станциясында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар енгізілді

Түркменстан мемлекеттік шекарасына жақын орналасқан Болашақ станциясының теміржолшылары арасында COVID-19 коронавирус індеті таралуының алдын алу үшін пойыздарды қабылдау мен өткізу тәртібі өзгертілді. Екі ел теміржол әкімшіліктерінің келісімі бойынша жүк пойыздарын қабылдау кезінде Түркменстан мен Қазақстан теміржолшыларының байланысын барынша болдырмауға қол жеткізілді.

- Егер бұрын пойыздарды қабылдау кезінде бірнеше маман: станция басшысы, оның орынбасары, транзит жөніндегі агент, техникалық және тауарлық кеңсе өкілдері, вагон қараушылар қатысса, енді пойыздар мен тасымал құжаттарын қабылдауды локомотив машинисі және оның көмекшісі жүргізеді. Оларға арнайы індетке қарсы костюмдер, маскалар мен қолғаптар кигізіледі. Құжаттар арнайы контейнерде жеткізіледі, - дейді станция басшысы Мақсат Нұрбеков.

Қабылдау процесіндегі өзгерістер пойыздарды өңдеу және станцияда транзиттік вагондардың тоқтап тұруы уақытын бір жарым сағатқа қысқартты. Сол уақытта, бұл шекаралық бақылау сапасы әсер етпейді. Станцияда теміржолшылар штаттық режимде ауысым бойынша жұмыс істеуде. Жұмыс сипаты оны қашықтан атқаруға мүмкіндік бермейді. Станцияда алдын алу жөніндегі барлық шаралар қабылданған. Жұмысшыларға маскалар, антисептиктер, респираторлар, қолғаптар берілген. Жұмыс орындары зарарсыздандырылуда. Техникалық оқытулар, кеңестер онлайн режимінде өткізілуде. Аусымалды нұсқаулықтар кезінде персоналдың жиналмауы қадағаланады. Жұмыс ұйымдасқан түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері көршілес мемлекеттен Болашақ станциясына 105 пойыз немесе 4725 вагон келді. Кері бағытта - 97 пойыз немесе 4392 вагон.

Ағымдағы жылдың сәуірінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығын орындау шеңберінде ұн, бидай, қант және өзге әлеуметтік тауарларды экспорттауға шектеу қойылған. Қазіргі кезде Болашақ станциясынан жүктер Түркменстан мен Ауғанстанға жөнелтілуде.

Поделиться:
Популярные новости
9 / 20.05.2025

ҚТЖ 36 өндірістік нысанды жөндеуден өткізеді

2025 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында 36 өндірістік нысанды ағымдағы жөндеуден өткізуді жос...

9 / 19.05.2025

Достық арқылы экспортқа 4,6 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді

Достық станциясы жүктерді тасымалдау және қайта өңдеу көлемінің тұрақты өсуін көрсетуде. Достық халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны болып ...

29 / 19.05.2025

Теміржолшылар климаттық өзгерістер жағдайындағы еңбек қауіпсіздігі мәселелерін талқылады

Өскеменде «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  ЖШС қызметкерлерінің еңбегін қорғау және қауіпсіздігі бойынша республикалық семинар өтті. Биылғы семинардың баст...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер