Хабарландыру
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық ...
Достық және Алашанькоу станцияларында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары корпорациясы өкілдерінің екікүндік жұмыс кездесуі болып өтті.
Қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, қытайлық делегацияны – «Қытай темір жолдары» корпорациясы бас директорының орынбасары Ли Вэньсин бастап барды.
Кездесу барысында екі ел теміржол әкімшіліктері мамандарының қатысуымен сол жергілікті жерде шешілуі мүмкін, жұмыстағы «тар» орындар, ҚР мен ҚХР арасындағы жүктерді контейнерлік тасымалдау саласындағы ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту бойынша ыңтымақтастықты ары қарай жақсарту барысы талқыланды.
Қанат Әлмағамбетов атап кеткендей, ағымдағы жылдың 8 айында тараптардың күш қосуының арқасында Достық-Алашанькоу және Қорғас-Алтынкөл шекаралық өтпелері арқылы 10,8 миллион тоннадан астам жүк жөнелтілсе, бұл өткен жыл көрсеткішінен 11 пайызға артық.
Қазақстан аумағы арқылы транзитпен контейнерлік тасымал көлемі өткен жылға қатысты 41% өскен. 2020 жылы жүк тасымалы көлемін 18 млн. тоннаға дейін, контейнерлік тасымалды – 1,1 млн. ЖФБ контейнерге дейін жеткізу жоспарланған.
Жұмыс кездесуі қатысушылары Алашанькоу мен Достық шекаралық түйіспелерінің техникалық қуатын және инфрақұрылымы жұмысын бағалады.
Делегация қабылдау-жөнелту паркін, вагондарды қайта құру пунктін, сондай-ақ тасымалдау құжаттарын кедендік рәсімдеу, беру үшін кеңсе және өзге де нысандарды аралап көрді.
Жұмыс кездесуі қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының талаптарын о...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кеден заңнамасының талаптарын о...
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...