Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚОСТАНАЙДА ЖАҢАДАН ЖИНАЛҒАН АСТЫҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1072 / 10.07.2019 00:00

ҚОСТАНАЙДА ЖАҢАДАН ЖИНАЛҒАН АСТЫҚТЫ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қостанай қаласында 2019 жылғы астықты теміржол көлігімен тасымалдауды дер кезінде қамтамасыз ету мәселелері талқыға түсті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен өткен кеңеске облыстық басқарма мен ведомство өкілдері, астық өндіруші, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, көлік компанияларының басшылары және өңір трейдерлері қатысты.

Қостанай облысы Қазақстандағы негізгі астық экспорттаушы өңірлердің бірі. Өңірде астық пен ұңтақ өнімдерін тиеу жалпы тиеу көлемінің 10-12% құрайды.

Қостанай бидайы Орталық Азия, Әзірбайжан, Иран, Қытай, Латвия, Грузия, Беларусь, сондай-ақ Түркия мен Италияға жөнелтіледі.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Тасымалдарды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов барлық проблемалы мәселелер жедел шешімін табуда.

Теміржолшылар жүктерді қабылдауда және рәсімдеуде тәулікбойғы режимде жұмыс істеуде. Вагондарды алу, дер кезінде қою және тиімді жұмыс істеуі үшін Қостанай бөлімшесінде 87 магистарлдық және манервлік локомотивтер іске қосылған.

Кеңес барысында вагондардың станциялар мен кіреберіс жолдарда тұрып қалуы себептері және айналымының өсуі себептері айтылды. Жүктерді арту операцияларындағы тұрып қалулар элеваторларда, тиеу орындарында таразылардың болмауымен, тиеу үшін өнімдері көлемінің жетіспеушілігінен және оларды ары қарай жеткізуден орын алуда.

Жеке меншіктегі кірме жолдардың жағдайына шағымдар да аз болған жоқ. 2019 жылдың 6 айында бұнда жолдардың үстінгі құрылғысын ұстап тұрудың қанағаттандырылмауынан вагондардың 8 жолдан шығуы орын алды. «Біз теміржол тармақиелерімен жұмыс істеудеміз, кірме жолдарды техникалық жарақтандыру және жаңғырту қажеттігіне олардың назарын аудартамыз», деп атап көрсетті Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Вячеслав Миронов.

Теміржолшылармен болған кездесуде жүкжөнелтушілерге дәнді дақылдар мен ұңтақ өнімдерін контейнерлермен тасымалдауды қарастыру ұсынылды, бұл «есіктен есікке» қағидаты бойынша жұмыс істеуге және жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. 2019 жылдың 6 айында Қостанай бөлімшесінде 144 контейнер дәнді дақылдар, 39 контейнер – ұңтақ өнімдері тиелді.

Кеңес қорытындысы бойынша элеваторлар мен АҚП тәулікбойғы тиеуді ұйымдастыру, жүкжөнелтушілерге – вагон айналымын бақылауды күшейту ұсынылды, бұл жылжымалы құрам айналымын төмендету мен өнімдерді жеткізу жылдамдығына, нәтижесінде тапсырыстарды толық көлемде қамтамасыз етуге, бос вагондардың болуына кепілдік береді.

Поделиться:
Популярные новости
4 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

172 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

321 / 06.09.2024

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер