Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1442 / 06.09.2024 10:26

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру шаралары аясында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, мүгедектігі бар адамдарға жұмыс табуға, ал жұмыс берушіге – қажетті қызметкерді табуға көмектесуде.

         Ұлттық тасымалдаушы және Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші Сізді бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырады, ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың YouTube арнасында онлайн режимінде өтеді.

YouTube: https://youtube.com/live/eBC0Y7JblSE.

Күні: 2024 жылғы 06 қыркүйек

Уақыты: 16:00 сағ.

Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, өзін-өзі көрсету және жүзеге асыру мүмкіндігі.

Тікелей эфирде «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынады, консультациялық қолдау көрсетеді және сұрақтарыңызға жауап береді.

         Күн сайын www.QSamruk.kz, www.job.railways.kz сайтында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі бос жұмыс орындары жарияланады. Лайықты позицияны басты беттегі «Бос орындар» белгішесін немесе арнайы белгісін басу арқылы табуға болады.

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – теміржолшылардың тату ұжымының бір бөлігі болу мүмкіндігі!

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

283 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер