Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1121 / 13.09.2024 10:26

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ірі технологиялық түйістірулерін жүргізу жоспарланған.
Жұмыс істеп тұрған жолдарды бөлшектеу және жаңа рельс-шпалдық торды, жалғау жолдарын төсеу, бағдаршамның кіріс сигналын беру және басқа да жұмыстар бойынша жұмыстардың үлкен көлемі жүргізіледі.
Осыған байланысты жүктерді тиеуге, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады.
Жүк жөнелтушілер 2024 жылдың қыркүйек айының үшінші онкүндігінде тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айыппұлдан босатылады.
“Астана - Семей” қатынасымен №121/122 жолаушылар пойызының (тасымалдаушы “Арай Транс КZ” ЖШС )  жүрісі тоқтатылады және Қарағанды – Балқаш 2 қатынасымен №606/606 пойызының (тасымалдаушы “Жолаушылар тасымалы” АҚ) қозғалыс кестесі бір күнге түзетіледі.
Тасымалдау ережелері, кестелер және билеттерді сатып алу туралы толық ақпаратты 1433 тегін нөмірінен алуға болады.

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
19 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер