Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Бұрқасын мен қардың қалын жауынан, қатты аяз жағдайында әуерейстері мен автомобиль жолдары жабылатындықтан, теміржолшылар қаламаңы бағыттарды қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша жолаушыларды үздіксіз тасымалдауды жалғастыруда.
Теміржол төсенішін қардан аршу жөніндегі жұмыстар үзіліссіз жүргізіліп келеді. Өткен тәулік ішінде теміржол желілерінен 20 мың текше метр қар тазартылды. Шамамен 3500 км теміржол төсеніші қардан аршып алынды. Бұл жұмыстарға 2700 теміржолшы жұмылдырылды. Магистральдық желілерге барлық қартазарту және қарданаршу техникаларымен 73 шығу жүзеге асырылды. Семей бөлімшесі магистральдық желісінде қардан тазарту үшін жол монтерлерінен өзге, сондай-ақ көршілес теміржол кәсіпорындарының жұмысшылары да тартылды.
Локомотивтер мен вагондарды пайдалану деполарында жүк және жолаушылар пойыздарына техникалық қызмет көрсету барысына бақылау қатандатылды.
Тәулік ішінде кейбір бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарына қосымша 24 вагон тіркеу ұйымдастырылды.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде теміржолшылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен көлік компаниялары арасындағы Кешенді өзара көмек жөніндегі меморандум нормаларды және Ережені басшылыққа алады. Бұдан басқа, штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде ТЖ Басқармасымен бірлескен іс-әрекеттер қабылданады.
Ауа райының қолайсыздығын есепке ала отырып, теміржолшылар теміржол инфрақұрылым нысандарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және барынша абай болуға шақырады. Атап айтқанда, темір жолдарды арнайы жасақталған орындардан өту керек.
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...