Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі арқылы халыққа көмір тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артты
1587 / 05.08.2018 18:24

«ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі арқылы халыққа көмір тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артты

2018 жылдың мамыр-шілде айларында теміржол арқылы 2 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға  артық. Ең үлкен өсім маусымда - 850 мың тоннаға жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 74% жоғары.

Ағымдағы жылдың соңғы үш айында Ақмола облысының халқы мен коммуналдық қажеттіліктеріне 300 мың тонна қатты отын жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 126 мың тоннаға артық, Шығыс Қазақстан облысына - 244 мың тонна, өсім - 124 мың тонна, тонна, Алматы облысына - 456 мың тонна, өсім - 194 мың тонна. Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарына көмір жеткізілімі өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерімен салыстырғанда айтарлықтай артқан.

Сонымен қатар, жазғы уақытта көмірді теміржолмен тасымалдау тарифі көтерілмеді. Сонымен, бір тонна көмірді тасымалдау құны Қызылжар-Астана бағыты бойынша 1 719,9 теңге, Дегелең-Ново-Өскемен - 1500,7 мың теңге, Дегелең-Семей - 824,5 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, жылуэлектр станцияларындағы күнделікті көмір қоры Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі белгілеген нормалардан асып түседі. Мысалы, Өскемен ЖЭО-да белгіленген 20 тәуліктік норма кезінде 39 күндік көмір қоры бар.

Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көмір Көкшетау қаласындағы қазандыққа жеткізілмейді. Қатты отын жеткізуді 1 қыркүйектен бастап айына 36 мың тонна көлеммен жеткізу жоспарланып отыр.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасы бойынша жыл басынан бастап ай сайын жергілікті атқарушы органдардың, ірі көмір шахталарының, жылжымалы құрам иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен темір жолдардың өңірлік бөлімшелерінде жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен кездесулер өткізіледі. Әкімдіктер мен жүк жөнелтушілермен әлеуметтік маңызды жүктерді уақытында тұтынушыларға жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда.

Тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтушілер нақты аймақ үшін шамалы жүктеме жоспарларын уақытында тапсырулары керек. Бұл қатты отынды тасымалдау ритмін қамтамасыз етеді және күзгі маусымдағы дүрбелеңнен құтылуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өңірлерде көмірдің станцияларға, жол бөлімшелеріне келіп түсуі және оның көмір қоймалардағы мөлшері туралы күн сайынғы мониторинг жүргізілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ көмірді Қазақстанның өңірлеріне тасымалдауды қамтамасыз ететін жеткілікті вагондарға ие.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
105 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

73 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

147 / 20.12.2024

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің жаңа экспорттық бағыттары

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер