Құрметті әріптестер, теміржол көлігінің құрметті ардагерлері!
Кәсіби мерекеміз - Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Благодаря Вашему вкладу в стабильную работу железнодорожного транспорта, умению работать сплоченно, приумножая то, что сделано до нас, железная дорога Казахстана стала символом надежности, постоянного движения вперед и стремления к развитию. Теміржолшы мамандығы еліміздегі ең маңызды мамандықтардың бірі болып қала бермек. Теміржол көлігінің тұрақты жұмысына сіздердің қосқан үлестеріңіздің, бізге дейін жасалынғандарды көбейте отырып, ұйымшыл жұмыс істеу алуымыздың арқасында Қазақстан темір жолы сенімділік, үнемі алға жылжу және дамуға ұмтылудың символына айналды. Ұлттық жүк тасымалдаушының алдында теміржол көлігінің тұрақты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, қызметтер сапасын, тасымалдау қауіпсіздігі мен сенімділігі деңгейін арттыру міндеттері тұр. Бұл жауапты миссияны жүзеге асыру барлық қызметкерлердің нақты және келісілген әрекеттерін талап етеді. Құрметті әріптестер, мерекелеріңізбен! Әрқайсыңызға мықты денсаулық, амандық, ұзақ өмір, әрі қарай да сәттілік пен табыс тілеймін!
Құрметпен, Қайрат Саурбаев!
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы - Бас директорының м.а.
Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.