Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1235 / 05.08.2018 16:35

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ЖЕЛІЛЕРІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМІР ЖЕТКІЗУ 35% ӨСТІ

Биылғы мамыр-шілде айларында көмір тасымалдау екі миллион тоннаға жеткізіліп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35 % артты. Маусымда 850 мың тонна көмір тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 74% жоғары көрсеткішті құрады. Соңғы үш айда Ақмола тұрғындарына және коммунальдық мекемелеріне 300 мың тонна қатты отын жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 126 мың тоннаға жоғары көрсеткіш. Шығыс Қазақстанға 244 мың тонна көмір жіберілді. Ол өткен жылға қарағанда 124 мың тоннаға артық. Алматы облысына 456 мың тонна жіберілген. Яғни, 194 мың тоннаға артық. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына да көмір тасымалдау қарқын алған.

Жазғы маусымдағы теміржолмен тасымалдау тарифы көтерілген жоқ. Қызылжар- Астана бағдарымен бір тонна көмір тасымалдау 1719,9 теңге болса, Дегелең- Жаңа Өскемен бағдарына -1500,7 теңге тұрады. Дегелең- Семей бағдарына -824,5 теңге болды. 1-тамыздағы мәліметке қарағанда, еліміздегі жылу орталықтарындағы тәуліктік көмір қоры нормадан жоғары. Мәселен, ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нормативке қарағанда тәуліктік қор 20 күнге межеленсе, мұнда 39 күндік қор жасақталған. Қазіргі таңда Көкшетаудың жылу орталығына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көмір жеткізу тоқталды. 1-ші қыркүйектен бастап айына 36 мың тонна көмір жеткізілмек. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамашылығымен жыл басынан бері барлық өңірлерде аймақтағы теміржол бөлімшелерінің өкілдері жүк жөнелтушілермен, жүк қабылдаушылармен, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, ірі көмір кені басшылығымен, жылжымалы құрамның меншік иелерімен кездесулер өткізуде. Ол кездесулерде әкімшілік және жүк жөнелтушілерге әлеуметтік маңызды жүктерді тұтынушыларға ерте жеткізу жайы талқылануда. Тұтынушыларға көмір отынын дер кезінде жеткізу үшін өңірлер жүк жөнелтушілерге уақытында көмір жеткізу туралы жоспарын беруі тиіс. Бұл өз кезегінде тасымалдаудың жыл бойы ретімен жүргізілуіне ықпал етпек. Яғни, күз түскенде көмірге қатысты дау-дамайдың алдын алуға болады. Қазіргі таңда станцияларда және көмір қоймаларында қатты отынның жеткізілуіне мониторингілік бақылау орнатылған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ еліміздің барлық өңірлеріне көмір жеткізуге қатысты вагоны жеткілікті екендігін хабарлайды.

«ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
72 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

53 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

127 / 20.12.2024

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің жаңа экспорттық бағыттары

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер