Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ комиссиясы балалар лагерінде қауіпсіздік тексерісін өткізді
1270 / 29.06.2018 15:25

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ комиссиясы балалар лагерінде қауіпсіздік тексерісін өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетовтың басшылығымен құрылған арнайы комиссия «Маралсай» биік таулы сауықтыру орталығының жұмысын тексерді. Комиссия құрамына HR, сыртқы байланыстар және PR, кәсіподақ департаменттерінің өкілдері кірді.

Лагерь теңіз деңгейінен 1800 м биіктікте, қауіпті аймақта, Іле Алатауының көрікті және экологиялық таза аймағында орналасқан. Мұнда бірінші маусымда 7 жастан 15 жас аралығындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің 130 балалары демалады. Балалар Ақмола, Қарағанды облысы және Астанадан келді.

Тексеріс барысында балалар үшін қауіпсіз және жайлы демалыстың құрылуына көңіл бөлінді. Комиссия мүшелері екі қабатты тұрғын корпустардың, медициналық пункттің жай-күйін тексерді, жабдықталған спорт алаңдарын, демалыс және шығармашылық аймағын, асханамен танысты, қызметкерлермен әңгімелесті.

- Біз үшін балаларымыздың, болашақ теміржолшыларымыздың демалып, оқу үшін күш-жігер жинауы маңызды. Бүгін біз балалардың өмір сүру жағдайларын, тамақтандырудың ұйымдастырылуын, олардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілгендігін тексердік. Тұтастай алғанда, бәрі тиісті деңгейде ұйымдастырылған: аумақ тәулік бойы күзетіледі, тәжірибелі медицина қызметкерлері демалушылардың денсаулығына қамқорлық көрсетеді. Лагерь білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. Жалпы, демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасалған, балалармен жұмыс ұйымдастырылған», - деді А.Исмұхамбетов.

Ол тексерістің жоспардан тыс сипатқа ие екендігін атап өтті.

HR департаментінің бас менеджері Айсулу Елеукен «Маралсай» қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

- Тексерудің басты мақсаты - балалар сауықтыру лагерінде балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуына кезекті рет назар аудару. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің балалары ең көп демалатын мекемелерге ерекше көңіл бөлінеді, - деді ол.

Лагерь жұмысына кәсіподақ тарапынан да ешқандай шағым болмады.

- Балалар лагерьлерінің дайындығын тексеру дәртүрге айналуы тиіс, олар проблемалық мәселелерді анықтауға, қауіпсіздік талаптарын бұзуға мүмкіндік береді, - деп есептейді «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» - «ҚТЖ-Жүк тасымалы ҚБ кадрлық жұмыс жөніндегі сарапшысы Дина Серкібаева.

Оның айтуынша, «Маралсайда» балалардың қала жағдайында жетіспейтін, таза ауада ойнауға және уақыт өткізуге мүмкіндіктері бар. Әр бөлмеде төрт адамнан тұрады. Балаларға күніне 5 рет тамақ беріледі.

Бұдан басқа, мұнда компьютерлік сыныптар мен ұялы телефондардан мүлдем бас тартылды. Балалардың тірі қарым-қатынасы мен физикалық дамуына ерекше назар аударылады.

Комиссия келген күні лагерде бауырсақ фестивалі өтті. Бас аспаз мұнда демалушы балаларға сүйікті ұлттық нан өнімін дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Арнайы асханада балалар қайнаған майда қазанда бауырсақ қуыруды үйренді.

Аспаздық дағдыларын 14 жасар Сабина Мұсаметова көрсетті. Ол лагерьге Қарағанды облысының Ағадыр ауылынан ағасымен бірге келді. Оның әкесі көптеген жылдар бойы локомотив депосында машинист болып жұмыс істейді.

Сабинаның айтуынша, оған лагерьде ұнады, мұнда жаңа достармен танысып, жаңа әсерлер алды.

Биік таулы демалыс базасында көңілді және жағымды атмосфера құрылған. Балалар әртүрлі іс-шараларға қатысады, шығармашылықтарын сынап көреді. 13 жасар Әлия Дәкенова ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін әсерлі оқып шықты. Оның әкесі Қарағанды эксплуатациялық локомотив депосында машинист болып жұмыс істейді.

- Мұнда мен көптеген жарқын сәттерді бастан кештім. Біз тауға бардық, театрландырылған қойылымдарға қатыстық. Менің мұнда жаңа достарым бар. Бұл жерде көңілді, барлығы қайырымды және шырайлы », - дейді ол.

Катя Гуржа Жезқазғаннан келді, оның әкесі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалында жұмыс вагоншы болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол Бурабайда кәсіпорын жолдамасымен демалып қайтты.

- Мұнда әр күн оқығаға толы, күн сайын қызықты бағдарламалар ұйымдастырылады. Әсем табиғат, бізге оны бағалауымыз, қамқор болуымыз және жақсы көру керектігіміз жайлы айтады: ағаш бұтақтарын сындыруға, қоқыс тастауға болмайды. Маған осы лагерьде өте ұнады, қайтадан келгім келеді», - деді ол.

Қарағанды эксплуатациялық локомотив депосы машинисінің ұлы, 15 жасар Валерий Авдеев, бұл республикадағы республика деп атай отырып, лагерьдің күн кестесі туралы әңгімеледі. Бұл лагерде бәрі маңызды. Әрбір келген демалушыға «Маралсайдың» төлқұжатын береді, онда Маралсай республикасының конституциясы, әнұраны жазылған. Осы құжатпен сіз өзіңізді осы республиканың шынайы азаматы деп санай аласыз. «Құрметті азамат» мәртебесін алу үшін сіз маралсайлықтарды таң қалдыруыңыз керек. Мұнда жалпы халықтық дауыс беру арқылы президент сайланады. 12 жасқа толған кез-келген маралсайлық президент атана алады, ол өзін-өзі басқару министрлерін тағайындайды.

- Бұл жай ғана лагерь емес, үлкен бір ел. Көшбасшылардың міндеттерін орындай отырып, біз маралсайлық бакстар табамыз. Олармен дискотека уақытын ұзартуға болады, - дейді ол.

Жасөспірім пойыздың өзінде достар тауып үлгерді.

- Мен әкемнің жұмысынан берілетін жолдама бойынша жиі демаламын. Мен Бурабайда болдым, енді қазір осындамын, - деп қорытындылады Валерий.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жұмысшылары жолдама құнының тек 10 пайызын ғана төлейді.

Бұл лагерде балалар табалдырықты аттағаннан бастап жылулық атмосферасына тап болады. Және олардың барлығы Маралсай Республикасына қайтып оралуды армандайды.

Поделиться:
Популярные новости
160 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

292 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

165 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер