Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ҚР- ҚХР АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ ӨТКЕЛДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ӨҢДЕУ 30 ЕСЕ ЖЫЛДАР ЖҮРЕДІ
1922 / 29.06.2018 16:22

ҚР- ҚХР АРАСЫНДАҒЫ ШЕКАРАЛЫҚ ӨТКЕЛДЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ӨҢДЕУ 30 ЕСЕ ЖЫЛДАР ЖҮРЕДІ

Қазақстан мен Қытайдың түйісетін тұсындағы Алтынкөл мен Қорғас бекеттерінде мыс сымдар ағытылып, оптикалық талшықты желіге қосылды. Бұл өз кезегінде Қытайдан келетін жүктердің ілеспе құжаттарын контейнерлік ресімдеуді жеделдете түсті.

- Бұрын Алтынкөлге жүк туралы ақпарат 30-40 секундта келсе, енді бір секундте түседі. Осылайша, құжаттарды ресімдеу мерзімі отыз есеге қысқарды»,- дейді Алтынкөл станциясының бастығы Жандос Ұнтақбаев.

Алтынкөл мен Қорғас арасында ақпарат тәулік бойы тоқталыссыз жүргізіледі. Контейнерлік пойыз әлі Қытайда жүргенде оның ілеспе құжаттары Алтынкөл станциясында электронды түрде әзір тұрады. Бір контейнерлік пойыздың құжаттарын ресімдеу мен өңдеуге 3 сағат 55 минут кетеді.

Ж. Ұнтақбаевтың айтуынша, жыл басынан бері Еуропаға 3730 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) вагоннан тұратын 64 контейнерлік пойыз жіберілді. Оның сыртында, Германияға (654 ЖФЭ) 12 пойыз, Польшаға (1996 ЖФЭ) 32 пойыз, сонымен қатар Финляндия, Словакия, Австрия, Венгрияға жіберілді.

Орталық Азияға 247 пойыз өтті. Олар негізінен, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстанға бет алды. Парсы шығанағына бағдар игерілді.

Қазақстан аумағымен Иран бағдарына 346 ЖФЭ бес пойыз өткізілді.

Биылғы жыл басынан бері 25582 ЖФЭ вагонды 316 пойыз қабылданды. Салыстырмалы түрде, өткен жыл ішінде барлығы 39604 ЖФЭ вагондарымен 421 пойыз Қазақстан аумағымен өткен болатын.

Алтынкөл станциясы техникалық мінездемесіне орай, тәулігіне 20 пойыздың жүгін өңдей алады.

Поделиться:
Популярные новости
21 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

2 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер