Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мақсат - санатты арттыру
1737 / 22.06.2018 11:53

Мақсат - санатты арттыру

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ - «ЖТ Қостанай бөлімшесі» филиалында станцияның лайықты бастықтары жеткілікті. Олардың көпшілігі жас кадрлар. Бірақ олар өз жұмыстарын табысты атқарады. Міне осымен бес жыл бойы Қостанай облысының станцияларының бірі - Баталыны - Нұрлан Бижанов басқарады.

Ол осы лауазымға 2013 жылы, оған енді 26 жас толған кезде отырды. Алайда, жастығына қарамастан, ол өз жұмысымен табысты атқаруда. Оған алдында жинақталған тәжірибе серпін берді.

- Алғашында мен үшін өте қиын болды, - деп Нұрланға ағынан жарылды. - Себебі Бір станцияны басқару - бұл үлкен жауапкершілік. Бақытымызға орай, жақсы, біріккен ұжымға келдім. Менің аға буын, тәжірибелі әріптестерім бастапқы кездері маған көмектесті, және өзім де кеңес сұраудан ұялмадым. Менің атам темір жолда өмір бойы машинист болып жұмыс істеді. Мен оның ізімен жүруді шештім.

Бірінші Нұрлан Бижанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің көлік қозғалысын ұйымдастыру мамандығын бітірді. Содан кейін, ол өз қызмет жолын 2010 жылы ол 840 Талдыкөл станциясының блок-бекет кезекшісі қызметінен бастады. 2012 жылы Қазанбас станциясының кезекшісі қызметіне тағайындалды. Жылдам өсіп, тез қағып алатын маманды байқап, 2013 жылдың шілдесінде ол Баталы станциясының бастығы лауазымына тағайындады.

Бұл станция маңызды, ол арқылы “Раменское” АҚ кен орнынан кен тасымалданады. Және осы станцияда жүк тасымалдау көлемі жыл сайын артып келеді.

Біздің станция аралық болса да, мұнда ағым көп, пойыздар үнемі жүріп отырады, - дейді станция басшысы. - Және сәйкесінше, көлем мен айналым өсіп келеді. Бүгінде біздің станция 4-ші санатқа жатады, бірақ жақын күндері станция мәртебесін 3-шіге көтеруді күтеміз, бұл біздің жұмысымыздың өркендеуіне сәйкес келеді. Станция санатын арттыру жергілікті тұрғындар үшін қосымша ынталандыру болып табылады, өйткені станция тұрғындарының негізгі бөлігі - теміржолшылар отбасы.

Жазғы мерзімде станция бастығының алдында бірқатар маңызды міндеттер тұраы: халық арасында алдын-алу, ақаулар, өндірістік жарақаттар мен шаруашылық қиындықтарды болдырмау: станция шатырына күрделі жөндеу, барлық үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргізу.

- Ең қиыны - ұжыммен жұмысты ұйымдастыру, - дейді Нұрлан Бижанов. - Әрқайсысымен ортақ тіл табысу керек. Станцияда болып жатқанның барлығына бақылау жүргізу қажет. Бізде жедел жұмыс: әртүрлі жағдайлар туындайды және мәселелерді тез шешуге тура келеді. Бұл оңай емес, бірақ өте жауапты, және біз мұны дұрыс атқару үшін барлық күш-жігерімізді саламыз.



«Қазақстан теміржолшысы» республикалық салалық газеті

Поделиться:
Популярные новости
36 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

500 / 30.12.2024

Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат

Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...

568 / 27.12.2024

Желтоқсан айында биылғы астықтың кезекті миллионы жөнелтілді

27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер