Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жедел штабының ақпаратына сәйкес, №10 жолаушылар пойызының вагондарының рельстен шығып кетуі нәтижесінде 14 адам зардап шекті. Үш адам Шу аудандық ауруханасында, 11 адам - Шу қалалық ауруханасында жатыр.
Барлық 832 жолаушы Шу станциясына жеткізілді. Олардың 200-і сатып алынған билеттерге сәйкес Шу станциясында қалды. Шу станциясынан Алматыға 488 жолаушыны жіберді, ал қалған жолаушылар белгіленген жерге ұсынылған теміржол көлігімен жеткізуден бас тартты және өз бетімен автокөлікпен қайтарылды.
Астанадан Алматыға жөнелтілген № 10 пойыз 2012-2014 жылдары шығарылған Крюков және Твер вагон жасайтын зауыттардың вагондарынан құрылған. Аталмыш вагондар талап етілетін технологиялық тексеруден өткен және нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келеді.
Нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес, №10 пойыздың вагондары алдын-ала рейстік техникалық қызмет көрсетуден өткен.
Теміржол жолын техникалық регламентке сәйкес тексеру айына 2 рет жүргізіледі. Жолды жол өлшейтін вагонмен соңғы өлшеу 2018 жылдың 6 маусымында жүзеге асырылды. Ауытқулар анықталмады.
Алматы-1 вокзалында № 10 пойыздың жолаушыларына көмек көрсету, медициналық қызмет көрсету, оларға қосымша ақпараттық-анықтамалық аймақта теміржол билеттерін қайтару бойынша кеңестер ұсыну үшін барлық жағдайлар жасалды.
Билеттер құнын қайтаруға қатысты барлық сұрақтар бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 8 (7172) 600-244, 933-617 (Астана қ.) телефондары арқылы хабарласуларыңызды өтінеміз.
«ҰҚК» сақтандыру компаниясынан өтемақы алу бойынша 8 (7172) 600-235, 600-128 телефонындары бойынша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін хабарласыңыздар.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...