Мекен жайы Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
Машинистер-қаһармандар Қазақстандағы адамдардың өмірін қалай құтқарады
431 / 18.06.2018 17:11

Машинистер-қаһармандар Қазақстандағы адамдардың өмірін қалай құтқарады

17 маусымда пойызбен болған апаттан кейін, машинист өз жолаушыларын құтқарды ма, әлде жоқ па екендігі туралы тек болжай аламыз. Зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін, бірақ тергеу жалғасуда, бір нәрсені кесіп айтуға болмайды. Осы оқиғалардың аясында Today.kz редакторлары поезд жүргізушілерінің нақты қайғылы оқиғаларға жол бермейтінін еске түсірді.

2017 жылдың қазанында Шамалған станциясына жақын жердегі Алматы-Отар учаскесінде машинист пойыздың жолаушылар автобусымен соқтығысуының алдын алды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар автобусы Алматыдан Қаскеленге (Алматы облысы) бара жатқан. Шамалған станциясына жақын жерде, теміржол өткелінен өтуге тыйым салынғанына қарамастан, жүргізуші тоқтамастан қозғалысты жалғастырды. Машинист пен оның көмекшісі шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды.

"Жолдарда автобусты көре сала, мен тез арада дыбыстық дабыл бере бастадым. Алайда ешқандай жауап қатылмады. Сол себепті шұғыл тежеуді қолданып қолданып, пойыз толығымен тоқтағанша жылдамдығын төмендетуге тура келді. Пойыз автобусқа 500 метр жерде тоқтады. Бақытымызға орай, барлығы жақсы аяқталды. Адамдар зардап шекпеді», - дейді машинист Жанат Құлдаров.

Алматы теміржол бөлімшесі атап өткендей, локомотив командасының кәсібилігінің арқасында келеңсіз оқиғадан құтылуға мүмкіндік болды.

2015 жылы БАҚ пойызды өрттен құтқарған батыр-машинист Нариман Күлмағанбетов туралы жазды. ҚТЖ ақпаратына сәйкес, Құлмағанбетов өзінің көмекшісі Антон Лезноймен кезекті электровозды қабылдады. Макинка-Жасыл аралығында оларға қарама-қарсы, ұшқындап келе жатқан Көкшетау-Қызылорда бағытындағы №56 жолаушылар пойыз келе жатты.

«Өз тарапымнан ұшқын көрдім, өрт жақындай түсті. Рациямен дереу машинистті шақырдым, мұны Макинка станциясы бойынша кезекші де естіді. Пойыз тоқтатылды. Нұсқауға сәйкес біз пойызға бас сұғып және қарап шығуымыз, ал айырылу кезінде (жолдардың – автордың ескертпесі) қарсы келе жатқан, әсіресе жолаушылар пойыздарына назар аудару керекпіз»- деген ұлттық компаниядағы машинисттің сөзін келтірдік.

Тексеру барысында құрамның тежегіштерінің және қайта өткізу клапандарының проблемалары болғандығы анықталды.

Анықталғандай, бұл Нариман Құлмағанбетовтің ең алғаш ұқсас іс-әрекеті емес. Машинист 2014 жылдың қараша айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнен 2013 жылы орын алған жағдай үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төс белгісіне алды. Сол кезде ол Астанадан тақ пойызды айдап келе жатқан, ал қарама қарсы келе жатқан пойыздың ақауы болды.

ЖЖМ-лы шанаштан қазандықтың тартақысушы қамыты үзіліп кетті, ол өз кезегінде сыртаумақсыздық тудырды. Мен өзім тоқтап және қарама қарсы келе жатқан құрамды тоқтаттым. Себебі бұл қозғалыс қауіпсіздігінің қаупі. Егер біз соқтығыссақ не боларын елестетудің өзі қорқынышты», - деп баяндады Құлмағанбетов.

Маңғыстау эксплуатациялық локомотив депосынын да өз батырлары бар. 2016 жылы Алматы-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысты, алайда Арап Ағатаев, майысқан локомотивтен шыға алып, бірінші және екінші тепловоздардың байланысын ажыратты және пойызды қауіпсіз қашықтыққа шегіндірді.

«Сол сәтте мен алып келе жатқан жолаушылардың қауіпсіздігін ойладым. Басқа ешнәрсе туралы емес! Бұл мен үшін басты нәрсе еді», - деп есіне алды Ағатаев.

Пойыздың бастығы Бибиажар Кулибаеваның хабарлауынша, оқиға нәтижесінде 287 жолаушының бірде-бірі зардап шекпеді. Локомотивті алмастырғаннан және қозғалысты жаңартқаннан кейін, олардың барлығы белгіленген жерге жеткізілді.

Жүргізушілер жолаушылар пойыздарын ғана емес, жүкті пойыздарын құтқарған жағдайлар да болған. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында Серебрянка-Защита теміржол учаскесінде, Огневка-Ермаковка аралығының 58-ші шақырымында ұзындығы алты метр және биіктігі төрт метр тау көшкіні болды. «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы, Шығыс Қазақстан ЖТ жол бөлімшесінің ТД-10 «Серебрянка» локомотивтік бригадасының машинисті Георгий Рудой шұғыл тежеуді қолдана отырып, таудың құлауынан пойыздың соқтығысуын болдырмады.

Көріп отырғанымыздай, рөлде отырғандардың уақытылы реакциясы қауіптің алдын-алуға көмектесті. Жамбыл облысында маусымның 17-сінде осындай оқиға орын алған сияқты.

Естеріңізге сала кетейік, 17 маусымда сағат 13: 25-те Шу станциясына жақын жерде 800-ден астам жолаушы тасымалданған пойыз рельстерден шығып кетті. Оқиға салдарынан жасөспірім қайтыс болды. Осы апатта 14 адам ауыр жарақат алды, олардың біреуіне сәтті операция жасалынды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ деректері бойынша, сол күні жарақат алғандардың бәрі медициналық көмекке ие болды, ал Шу станциясында ыстық тамақ берілді.

Сол күні апаттың алдын-ала ресми нұсқасы жарияланды: машинисттің төтенше тежеу қолданылғандығына байланысты, құрамның үш вагоны рельстерден шығып кеткен. Ол бұл қадамға теміржол жолдарының қисаюын байқағандықтан барды.

Кейінірек ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті зардап шеккендерге сақтандыру төлемдерін алу үшін қалай және қайда жүгіну туралы жадынама таратты. Баспасөз хабарламасында айтылғандай, қаражат қажетті құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап төрт күн ішінде беріледі.

Поделиться:
Популярные новости
3 / 13.12.2019

СЕНІМ СЕРТИФИКАТТАРЫНА 14 ТЕМІРЖОЛ КӘСІПОРЫНЫ ИЕ БОЛДЫ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бөлімшелерінің басшыларына қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаттарын «Қауіпсіз еңбек – жетістік ...

8 / 13.12.2019

Шойын жолдың мақтанышы

 Жамбыл ЖТ бөлімшесінің теміржолшысы «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Тәуелсіздік Күні қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқае...

8 / 13.12.2019

Ақмола облысынан биыл жаңа өнім тиелген 386 тікелей бағыттық пойыз жөнелтілді

 Көкшетау қаласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов жаңа астық өнімін тасымалдау мәселелері бойынша кеңе...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ

Серіктестер