Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1496 / 18.06.2018 19:15

№9 «АСТАНА НЖ – АЛМАТЫ-1» БАҒДАРЫНДАҒЫ ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАРЫНА (ЖОЛДАН ШЫҒУ 17.06.2018 ЖЫЛ).

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы (ары қарай- Қоғам) мен «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (ары қарай- Компания) арасында 04.10. 2017 жылы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне сәйкес міндетті сақтандыру туралы келісім (ары қарай-Келісім) жасалды. Жоғарыдағы Келісімге сәйкес, Компания жолаушылар алдындағы сақтандыру оқиғасына байланысты өтемақысы төленеді.

2018 жылғы 17 маусымда №9 «Астана НЖ – Алматы-1» бағдарындағы жолаушылар пойызының 8 вагонының Сарышаған-Шу телімінің Жиделі- Бірілік қума жолында жолдан шығып кету оқиғасы орын алды. Қазіргі кезде Қоғам сақтандыру Компаниясымен тиісті ақпараттар алмасуда.

Осыған байланысты егер Сіздің денсаулығыңызға немесе мүлкіңізге залал келтірілсе, Сіз Компанияға Келісім шартта көрсетілген сақтандыру өтемақысын талап ете аласыз.

Сақтандыру өтемақысын алу үшін Сіз «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамынан сақтандыру өтемақысын сұрай аласыз. Компанияның филиалдары мен басқа байланыстарын ресми

https://nsk.kz сайтынан таба аласыз.

Компания сізге мынадай құжаттар беруі тиіс:

  1. Сақтандыру өтемақысы туралы Өтініш.

  2. Сақтандыру жағдайының факті жүзіндегі дәйектейтін құжат, жәбірленушіге келген залал мөлшері белгіленеді

  3. Тасымалдаушы құрастырған теміржол көлігіндегі оқиғаға қатысты сақтандыру актісі.

  4. Уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы немесе жәбірленушінің мүгедектігін белгілеген арнайы мекеменің анықтамасы.

  5. Жәбірленушінің қайтыс болғандығы туралы нотариалдық куәлік көшірмесі немесе залал келген жәбірленушінің құқықтық правосын дәйектейтін құжат (көшірмесі).

  6. Жәбірленушінің жоғалтқан, жетіспейтін немесе (бүлінген) мүлігі –мүлігіне залал келген жағдайда.
  7. Шыққан шығын мөлшерін дәйектейтін құжат, Сақтандырушы (сақтандырылған) сақтандыру ісінің басталғандығына байланысты жәбірленушіге келген залалды азайту, жою.

Барлық Сізді қызықтыратын тиісті сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласа аласыздар:

  • Теміржол көлігіндегі сақтандыру жағдайы (фамилиясымен) туралы акті беру, тасымалдаушы құрастырған (ары қарай- Акт) және жол жүру құжатының көшірмесі.

  • Алматы қаласындағы «Кеңес беру орталығы»Абылайхан көшесі -1, Алматы-2 теміржол вокзалының ғимараты, 2 қабат Конференция залы, тел. 8 (727) 296-13-15;

  • Астана қаласы – Акті беруге қатысты, Балтабаева Асемгүл Жұмабайқызы, «Солтүстік» қызмет көрсету секторының бастығы тел. 8 (775) 635-77-33, 8 (7172) 94-27-28; жол жүру билеті құжатының көшірмесін алу үшін Риммер Марина Васильевна, «Солтүстік» билет сату секторының бастығы тел. 8 (701) 611-50-97, 8 (7172) 93-27-06;

  • Сақтандыру өтемақысы мәселесіне қатысты –8 (7272) 581800 и 2258 ұялы телефоны (қоңырау тегін), ішкі нөмірі 1340, сондай-ақ - 8 (7172) 600-235.

Поделиться:
Популярные новости
105 / 25.12.2024

Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тиеу жоспары 9,5% , ал түсіру 9,2% өсті. Тәулігіне орта есепп...

73 / 25.12.2024

Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39% өсті

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінің желісі бойынша қара металдарды тиеу көлемі 2,9 млн тоннаны құрас...

147 / 20.12.2024

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің жаңа экспорттық бағыттары

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың 11 айында 1,3%-ға ар...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер