Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Денсаулыққа саяхат
1919 / 15.05.2018 13:09

Денсаулыққа саяхат

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның жұмыскерлеріне арналған санаторийге жолдамалардың саны үш есе өсті.

Әлеуметтік сала «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ үшін басым болып қала береді. Биылғы жылы санаторийге жолдамалар санын көбейту туралы шешім қабылданды. Олар 2017 жылға қарағанда үш есе көп болады, яғни Қазақстандағы сауықтыру орындарында денсаулығын түзеушілер үш есе артады.

- Біздің қызметкерлеріміздің денсаулығы біз үшін бірінші кезекте. Биылғы жылы біз тек қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жүйесін сақтап қана қоймай, кеңейттік. Олар жұмыс берушінің тарапынан қолдау және қамқорлық сезінуі керек» - деді «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов.

Теміржолшылар Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының санаторияларында демалу мүмкіндігіне ие.

Сәкен Сейфуллин атындағы емдік үлгідегі санаторий-профилакторий - Қазақстандағы ең жақсы санаторийлердің бірі. Ол өзіне санаториялық оңалту дәстүрін, емдеудің заманауи әдістерін, жайлы орналастырылуды, қызмет көрсету деңгейін және табиғат факторларын біріктіреді.

Санаторий Ақмола облысының Щучинск ауданында, Бурабай саябағының оңтүстік-шығысындағы Қатаркөлдің өзенінің көрікті емдік көлінің маңында орналасқан. Көптеген аурулардың алдын алу және емдеуде көлдің бальнеологиялық қасиеттері бар балшығы мен суы қолданылады. Санатория ауаны тазартатын және демалыс үшін бірегей микроклимат жасайтын қарағайлы орманмен қоршалған.

Шипажай туристерді жыл бойы қарсы алады. Мұнда жыл сайын 4 мыңнан астам демалушылар ооңалтудан өтеді. Мұнда локомотивтердің машинисттері, вагоншылар, поезддарды қараушылар және теміржолдың басқа да қызметкерлері мен зейнеткерлері денсаулығын түзетеді. Сәкен Сейфуллин атындағы санаторий - Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы теміржолшылар үшін сүйікті орын. 12 күн ішінде олар емделу курсынан өтеді. Санаторий ондаған түрлі ауруларды алдын-алуға және емдеуге мүмкіндік береді. Олардың арасында жүрек-тамыр аурулары, тыныс алу және асқорыту аурулары, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бар.

Санаторий штатында 154 адам қызмет етеді. Медициналық көмектің жоғары деңгейі дәрігерлердің жоғары біліктілігімен қамтамасыз етіледі. Мұнда 30 тәжірибелі дәрігер жұмыс істейді. Заманауи жабдықтар Сіздің денсаулығыңызға оң әсерін тигізетін процедураларды жүргізуге мүмкіндік береді.

«С.Сейфуллин атындағы санаториялық-профилактикалық орталық» - «ҚТЖ-Грузовые тасымалы» АҚ филиалы директорының м.а. Майя Өтемұратова 15 жылдан бері санаторийде жұмыс істейді: еңбек жолын дәрігер болып бастап, меңгерушіге дейін өсті.

- Санаторий теміржолшыларға арналған шипажай ретінде салынған. Бұған дейін мұнда теміржолшылардың балаларына арналған демалыс лагері орналасқан болатын. Содан кейін ол ана мен бала демалыс лагеріне айналды. 2003 жылы қызметкерлердің денсаулығын толықтай демалу және нығайту үшін ғимараттарды қайта жаңартып, қыс мезгілінде жұмыс үшін ғимараттар қайта қалпына келтірілді, жаңа техника мен жиһаздамрен жабдықталды. Бүгінде демалушылар үшін ыңғайлы жағдайлар жасалынған: кондиционерлер, теледидарлар, тоңазытқыштары бар бөлмелер. Бірнеше жыл бойы демалушыларға денсаулық пен ұмытылмас әсер сыйлаудамыз », - дейді ол.

Әр демалушымен жеке дара тілін табамыз. Санаторий физиотерапиялық процедуралар, балшық терапиясы, қол және гидромассаж, Залман тұзды мен қылқан ванналары, емдік сауналар, барокамера, фито-емдеу, су асты душтары сияқты емдік әдістерді ұсынады.Сондай-ақ гирудотерапия қолданылады. Процедуралар иммунитетті арттыру, денені күшейту, күйзелісті жою, зияынды заттарды шығаруға бағытталған. Демалушылар күн сайын тұзды шахталарға барады. Бұл бөлмедегі ауаның емдік қасиеттері бар. Пайдалы иондары тыныс алу процесінде организмге келіп түседі және тыныс алу жүйесінің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Минералдардың тереңірек ену үшін мұнда танымал әндерді орындайды.

- Бізге маңызды жұмыс атқаратын адамдар келеді. Темiр жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі осы адамдардың қолында, сондықтан біз олардың табиғатта, тыныш жерде демалып, күш-қуатын қалпына келтіре алатын, өмірдің қарқынды дамуын бір сәт тоқтатып, организмініне құлақ салуға мүмкіндік жасаймыз. Біз қонақтарымызды қамқорлық пен қонақжайлылықпен баурап алуға тырысамыз, - деп әңгімесін жалғастырды Майя Өтемұратова.

Сауықтырушы және жағымды процедуралардың бірі - бассейнге бару. Дәрігерлердің айтуы бойынша, жүзу - сколиоз, остеохондрозды емдейді, барлық бұлшықет топтарын дамытады, буындарды күшейтеді, денені қатайтады.

Демалушылар күнді таза ауадағы жаттығудан бастайды. Олар Норбеков пен Стрельникованың жүйелері бойынша тыныс алу жаттығуларын жасайды. Дем алуда, сосын дем шығарғанда демді ұстап қалу, содан кейін олардың арасында үзіліс жасайды. Күн сайын тәсілімдердің санын арттырып отырады. Таза ауадағы фитнес инструктор Биржан Әлімжановтың жетекшілігімен жүргізіледі. Білімі бойынша ол дене тәрбиесі мұғалімі. Волейбол және тенниспен айналысады.

- Таза ауада жасалынатын қарапайым жаттығулар ғажайыптар жасайды. Ең бастысы – жүйелілік, - деген сенімде ол.

Демалушылар таңертеңгі жаттығулар күн бойы сергек және көтеріңкі көңіл-күйде жүруге көмектеседі.

Медициналық процедуралар сағат 17.00-де аяқталады. Кешкі уақыт – ойын-сауық бағдарламаларына арналған уақыт: экскурсиялар, тақырыптық кештер. Санаторийде бос уақытты тиімді өткізуге позитивті мәдени-ұйымдастырушы Айгүл Башанова жауапты. Ол санаторийде 4 жыл жұмыс істейді. Сол педагогикалық тәжірибесі бар, әдемі даусықа ие.

- Біз жақсы демалуға көмектесеміз және оны есте қалатындай етеміз. Әр күннің бағдарламасы мұқият ойластырылған. Маусым «Санаторийге қош келдіңіз!» кешімен басталады. Атаулы күндерге арнайы бағдарламалар дайындалады: Жеңіс күні, 8 наурыз, Көлік қызметкерлері күні және басқалары. Демалушылардың туған күндерін қызықты етіп өткіземіз, фильмдер мен дискотекалар өткіземізз. Үлкен кештерге ауданнан ансамбльдер мен әртістерді шақырамыз. Санаторияның қонақтары да концерттік бағдарламаға белсене қатысады, - дейді ол.

Санаторияның қонақтары үшін табиғатқа жорықтар, атпен серуендер, қыста шаңғымен сырғанау, конькимен сырғанау ұйымдастырылады. Қарағай орманында серуендеу және сауықтыру жолдары салынған. Экскурсия жетекшісі Юрий Безродныйдың айтуына қарағанда, мысалы, Махаббат үңгіріне, Пәктік жартастарына барып тілеген тілектеріңіз міндетті түрде орындалады.

- Бурабайда көптеген қызықты жерлер бар, - дейді ол.

Санаториядағы ерекше орын - асүй. Асүйдің перизаты - 40-жылдық тәжірибесі бар 5-ші санатты аспазшы Ирина Еременко. Мұнда ол 15 жыл жұмыс істейді. Демалушылар үшін күніне төрт рет жоғары сапалы тамақ және кешке айран беріледі. Барлық азық-түлік өнімдері экологиялық таза және дұрыс тамақтану үшін оңтайлы теңестірілген.

Ирина өзіне күн сайын рахат әкелетін іспен айналысады. Оның тамақты сүйіспеншілікпен дайындау және оны сүйіспеншілікпен және әсемдеп ұсыну маңызды.

- Әр түрлі тағамдарды дәмді және пайдалы етіп дайындаймыз. Таңғы асқа - ботқа. Түскі асқа – сұйық тағам, таңдауға екі салат, екі ыстық тағам, компот. Толыққанжы кешкі ас беріледі. Жұма күндері классикалық рецепт бойынша бесбармақ дайындаймыз, бауырсақ пісіреміз. Масляница мерекесіне құймақ дайындаймыз, Пасха жұмыртқасын боямыз, Наурыз мейрамына Наурыз-көже дайындаймыз, - дейді ол.

Қалпына келтіру курстарынан өткен теміржолшылар жұмыс орындарына жаңа күш-қуатпен оралады. 50-жастағы пойыздар қабылдаушысы Мұратбай Нұғманов темір жолда 30 жылдан астам жұмыс істейді. Өзбекстаннан қоныс аударушы 2002 жылдан бері Жамбыл жол бөлімшесінде жұмыс істейді.

- Бұл санаторийге алғаш рет келуім. Кадр бөліміне демалысқа және жолдамаға өтініш жаздым. Біз санаторий ұсынды, ал мен осында емдеуден өткен әріптестерімнің ұсынысы бойынша Бурабай-Курортын таңдадым. Санаторий жақсы күтіп алды, 12 күнім бір күндей тез өте шықты. Су асты душы, массаж, парафин процедуралары сияқты медициналық процедуралар пайдасын тигізді. Жолдама құнының 90 пайызын жұмыс беруші төлегендіктен, демалыс мен үшін 14 мың теңге тұрды. Ол керемет, және отбасыма да ауыршылық емес. Келесі жылы қайтып келуді жоспарлап отырмын. Темір жолға осы мүмкіндік үшін, шипажайда құрылған атмосфера үшін алғысымды білдіремін, - деп ол рахметін айтты.

Қарағандылық вагондар депосының қараушы-жөндеушісі Бекхайыр Маханалы Дария станциясының басқару бекетінде жұмыс істейді. Ол өз өмірінің 25 жылын теміржолға арнады.

- Санаторийге жолдаманы жыл сайын қиындықсыз ала аласыз. Бір мезгілде демалысқа және жодамаға өтінім жазамыз. Басшылық біздің емдеу курсын өтуімізге мүдделі. Бұл санаторийде екінші рет демалып жатырмын. Тамақтары жақсы, қызметкерлер шын пейілімен жұмыс істейді. Барлығы жақсы жоспарланған және теңдестірілген, - дейді ол.

Екібастұз станциясының машинисті Қанат Раскулов 22 жыл темір жолда жұмыс істейді. Оның 16 жылын пойыз айдайды.

- Жолдаманы кез-келген адам ала алады. Депоның кадр қызметкерлері қайда демалуға болатын жерлерді хабарлап айтады. Бұл санаторийде барлығы ұнады: таза ауасы, тамақтануы, массаж курсын өттім. Массаж жасаушының алтын қолдары менің денсаулығымды қалпына келтірді, арқамның ауруы кетті, - дейді ол.

Демалушылар массаж жасаушы Махаббат Қазизовқа ерекше алғысын білдіруде. Ол Ақмола медицина училищесін фельдшер мамандығы бойынша бітірді. Щучинск облыстық ауруханасының хирургия бөлімінде 20 жыл жұмыс істеген. Санаторийде 11 жыл еңбек етуде. Күніне 25-28 адамға массаж жасайды.

- Мен күн сайын өзімді қуантатын, сүйікті ісіммен айналысамын, - дейді ол.

Қарағанды локомотив жөндеу депосының машинисті Александр Полевода әйелі мен 2 және 4 жастағы екі баласымен демалуға келді. Темір жолда Александр 10 жыл жұмыс істейді. Ол әкесі мен атасының ізімен келді. Демалыс отбасының барлық мүшелеріне 12 мың теңгеге шығады.

- Біз жыл сайын демалысты бірге өткізуге тырысамыз. Бұл санаторийде қызметкерлері қамқор, барлығы өте мейірімді. Санаторийдің аумағы және өзі өте керемет, - деді ол.

Тұтастай алғанда, демалушылар мұнда өткізілген күндер туралы жағымды пікірде және мұнда қайтадан келуге дайын.


Поделиться:
Популярные новости
53 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

431 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

508 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер