Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Павлодар мен Алматы арасында жаңа жүрдек пойыз жүріп жатыр
1715 / 06.04.2018 17:29

Павлодар мен Алматы арасында жаңа жүрдек пойыз жүріп жатыр

Алматы-Павлодар бағыты бойынша кең шанақты қазіргі заманғы «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған №31 /32 жаңа жүрдек пойыз іске қосылды.

Алғашқы жаңартылған пойыз Алматыдан 1 сәуірде 16 сағат 12 минутта жолға шықты. Соңғы станцияға ол 2 сәуір күні 17 сағат 20 минутта келді. Жүрдек пойыздың жүру уақыты 24 сағатты құрады, бұл жылдамдықтың артыру есебінен алдыңғыға қарағанда 3 сағатқа аз. Пойыз күн сайын жүреді.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалы - «Павлодар филиалы МК» директоры Дәулетбек Нығметовтың айтуынша, жолаушылар пойызының кестесі 19 тұру уақыттарын сақтауды ескере отырып әзірленді.

Пойыз 31 «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұрады: 17 - «Турист», 2 - «Бизнес», 1 – «Гранд» классты, 6 - отыратын, сондай-ақ 2 техникалық, 1 жүк және 2 мейрамхана-вагон. Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген вагондар бар.

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарын іске қосу Жүрдеу жолаушылар қатынасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылды, оның нәтижесі пойыздардың жол жүру уақытының орташа есеппен екі есеге қысқаруына және жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруына әкелді.

Кең шанақты вагондарды пайдалану пойыз жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және жолаушылар тасымалын жақсартады.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта Қазақстанда республиканың барлық аймақтарын біріктіретін «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрастырылған 25 жүрдек жолаушылар пойызы жүріп жатыр. Соңғы 5 жылда отандық өндірістің 600-ден астам «Тұлпар-Тальго» заманауи вагондары сатып алынды. Таяу жылдары тағы 180-ге жуық вагонның жеткізілуі жоспарланып отыр.

Поделиться:
Популярные новости
2 / 20.01.2025

“Kazlogistics Cup” футзалынан III турнир: Қазақстан темір жолының 120 жылдығы спорттық жетістіктермен аталып өтті

2025 жылғы 18-19 қаңтар күндері Қазақстанда көлік-логистика және инфрақұрылымдық компаниялар арасында футзалдан III “Kazlogistics Cup”...

56 / 15.01.2025

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер