Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
411 / 15.01.2025 12:39

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымға және компанияның корпоративтік мәдениетіне сәтті бейімделуіне бағытталған алғашқы қадам болып табылады.

Welcome-тренингтің мақсаты – жаңа қызметкерлерді компанияның ортақ «ырғағына» баулу, жаңа жұмыс міндеттерін тез меңгеруге және жұмыс ортасына сәтті интеграциялануға көмектесу. Тренинг барысында қатысушыларға компанияның құндылықтары мен қағидаттары, сондай-ақ жұмыс барысының негізгі аспектілері туралы ақпарат берілді.

Тренингке қатысушыларға арнап құттықтау сөзін корпоративтік мәселелер жөніндегі Бас директордың міндетін атқарушы Марат Серікұлы Марасилов сөйледі. Ол жаңа қызметкерлердің уақтылы бейімделуі компанияның табысты жұмыс істеуі үшін маңызды екенін атап өтті.

Департамент директоры және тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау секторының жетекшісі Баймағамбетов С.К. «Қателік бағасы: тиімсіз коммуникация бизнестің тиімділігіне қалай әсер етеді?» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде тиімді коммуникация мен тәуекелдерді басқарудың жоғары өнімділікке қол жеткізудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Тренинг барысында қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында сауалнама жүргізілді. Тренингті департаменттің адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат жөніндегі бас менеджері Қосахова А.А. қорытындылап, қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтты.

Welcome-тренинг корпоративтік мәдениетті нығайтуға және компания қызметкерлері арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға арналған маңызды іс-шара болды.

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

281 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер