Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Аягөз станциясының су тасқынынан зардап шеккен  тұрғындарына теміржолшылар алдымен көмек қолын созды
1925 / 16.03.2018 19:20

Аягөз станциясының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына теміржолшылар алдымен көмек қолын созды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» еңбеккерлері су тасқыны салдарын жоюға белсенді кірісуде. Су шайған үйлерді тазалауға көмектесуде. Аягөз өзеніндегі тоспаны көтеріп, су ағыны жырып кеткен тұсты жабуға қапшықтар тасу жұмысына 70 теміржолшы қатысты. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жағдайын Семей жүк тасымалы бөлімшесі мен кәсіподақ жетекшісі барып, көрді.

Сондай-ақ, теміржолшылар бөлімшедегі су басу қаупі бар нысандарды аралап, пойыз қозғалысына қауіп туғызатын тұстарды анықтады.

-Тасымалдау жұмысына су тасқыны әсер ете қойған жоқ,-дейді Семей жол бөлімшесінің директоры Марлен Көкірекбаев.

Су тасқыны Аягөздегі 23 теміржолшылының отбасына зардабын тигізді. Жиырма үй қалпына келтірілетін болса, үш үй толығымен қираған.

Семей жол бөлімшесінің еңбеккерлері арнайы қорға айлық жалақыларының екі пайызын тұрақты аударып отыруға шешім қабылдады. Жалпы көмек көлемі шамамен 14-15 миллион теңге мөлшерінде болмақ.

Тағдыр қиындығымен кез келген аягөздіктерге қайырымдылық көмек жасау үшін станцияда «Нұр Отан» партиясы мен әкімдікпен бірлескен штаб құрылды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметі
Поделиться:
Популярные новости
184 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

255 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

399 / 06.09.2024

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер