Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1794 / 07.02.2018 16:17

Адами капитал – жаңғыру негізі

Қызылорда локомотив пайдалану депосының мәжіліс залында Елбасы Жолдауын түсіндіріп, насихаттау, оны жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелерді талдау, сонымен қатар Жолдау жүктеген міндеттер аясында «Өндірістік жарақаттың алдын алу» акциясына орай еңбек қауіпсіздігіне байланысты түсінік берілді. Жиынға депо ұжымы, машинистер мен көмекші машинистер қатысты.

Жиын барысында теміржолшылар алдында тұрған маңызды міндеттер: транзитті жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін жетілдіру, жолаушылар тасымалында сервистік қызметті арттыру, жылжымалы құрамды заманауи талапқа сай жаңғырту т.т. басым бағыттар сөз болды. Жолдауға байланысты салалық еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мүмкіндіктері жайлы «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мен Қызылорда бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынын бөлім басшысы Зауре Сансызбаева әңгіме өрбітті.

Жолдаудың Адами капитал тақырыбы сөз болатын жетінші бөлімінде: «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек. Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет» деп жазылған. Осы тұрғыда сіздерден талап етілетіні өз денсаулықтарыңызды сақтау, ол үшін күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды басты міндетке айналдыру. Қиын ба? Әрине, ынта болса түк те қиындығы жоқ, – деді денсаулық сақтау саласынынң өкілі.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы бойынша өндірістік жарақаттану жағдайы», «Өндірістік жарақаттың алдын алу», «Өндірістік жарақат тіркелген жағдайда бірінші көмек көрсету» тақырыптарына да түсінік беріліп, дәрістік материалдар, үгіт насихат плакаттары мен үнпарақтар таратылды.

"Қазақстан темiржолшысы" газетi 

Поделиться:
Популярные новости
39 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

46 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

99 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер