Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1995 / 17.01.2018 18:28

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен GE Transportation маневрлік тепловоздар сатып алу мен жолаушылар тепловозына қызмет көрсету туралы Келісімге қол қойды

17 қаңтарда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен GE Transportation компаниялары арасында маневрлік тепловоздар жеткізу мен магистральдық ТЭП33А жолаушылар тепловоздарына қызмет көрсету бойынша Келісімге қол қойды.

Маңызды құжатқа Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың АҚШ-қа сапары барысында қол қойылды. 300 маневрлік локомотивтердің жинақтары жеткізіліп, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ базасында құрастырылады. Бастапқы екі локомотив 2019 жылы жеткізілсе, қалғаны алдағы он жылға жоспарланған.

ТЭП33А сериясындағы 175 жолаушылар локомотивіне қызмет көрсету келісімі 18 жылға жасалды.

«Біз GE Transportation компаниясымен бірлескен жұмыстар жасау кезінде тиімділігіне көз жеткізіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігіне, оның әлеуеті зор болатындығына сенім білдірдік. GE технологиясы Қазақстанның локомотив шаруашылығын дамытудағы негізгі сапалық көрсеткіші жоғарылығы таңдалды. Оның ішінде Астанада жүк және жолаушылар тепловоздарын шығару, 2ТЭ10МК сериясындағы тепловоздарды жаңғырту, қызмет көрсетудің бірлескен жобалары жүзеге асырылды»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

«Жаңа Келісім негізінде біздің локомотив паркіміз жаңғыртылып, Қазақстанда шығарылатын өнім түрлерінің аясы кеңіп, оған қызмет көрсету түрлері де артады»,-дей келіп: «өнімдер негізінен Қазақстан ғана емес, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің де сұранысын қанағаттандырады. Біз қазіргі таңда «Цифрлы темір жол» бағдарламасы аясында жаңа жобалармен жұмыс жасаудамыз. Бүгінде тасымалдау тиімділігін көтеру мақсатында Trip Optimizer («Рейсті оңтайландырушы») жүйесі өндіріске енгізілуде»,-дейді Қ. Алпысбаев.

GE Transportation компаниясымен серіктестік басталғалы бері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Қазақстанның теміржол саласы мен таяу шетелдерге арналған заманауи үлгідегі «Evolution» локомотивтерінің 300-ден астамын шығарды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
7 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

244 / 06.09.2024

ҚТЖ бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

         «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру ша...

595 / 27.08.2024

ҚТЖ биылғы астықты және жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайын

ҚТЖ-да биылғы астық пен жылыту маусымына көмір тасымалдауға дайындық бойынша брифинг болып өтті. Астық тасымалдау 2024 жылдың жеті айында ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер