Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пу...
Локомотив машинистері теміржол көлігінде алғашқы мамандық болып саналғандықтан, олар теміржолшылардың үлкен тобының авангардын құрайды деуге болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрқайсысы машинис бола бермейді. Бұл — мықты да батыл адамдардың үлесі десек, артық айтқандық болмас. Әр уақытта осы кәсіп иелеріне ең жоғарғы деген талаптар қойылып келсе, тепловоз бен электровоздың қазіргі заман машинисінің қолынан көп іс келуі тиіс: жылу техникасының, электртехниканың және механиканың негіздері, локомотивті басқарудың тәжірибелік дағдылары және тағы басқасы. Теміржолдағы жұмысқа оған шын ниетпен әрі лайықты адамдар ғана берілетіні белгілі. Олардың қатарында ұжымның негізін құрайтын кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар байсалдық қасиетіне ие және өзін-өзі ұстай алатын мамандарды біріктіретін ерекше дәстүрдің нағыз сақтаушылары бар.
Сан қилы өмір жолдары
Адамдар мамандықтарын түрлі себептер бойынша таңдайды: біреулері — кәсіптерін мақсатты таңдаса, басқалары — бар өмірінің арманына қол жеткізеді. «Арыс пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» акционерлік қоғамы филиалының негізгі локомотив депосының аға кезекшісі Мұсағали Түлтаев теміржолға жақын туысының мысалы бойынша келіпті.
— Мен 1958 жылы орман шаруашылығының қатардағы жұмыскерінің отбасында өмірге келдім. Отбасымызда жеті, ағайынды болсақ, мен — үшіншісімін. Енді отбасымызды теміржолшылар әулетіне жатқызуға болады. Барлығы да үлкен, ағамнан басталды. Ол теміржол саласындағы жұмысқа алғашқы болып келіп, өзінің әңгімелерімен бізді қызықтырды деуге болады. Бастапқыда мен құрылысшы болуды армандаушы едім. Алайда, орта мектепті аяқтағаннан кейін мені, ағам депоға әкеліп, теміржолда жұмыс істеу кеңесін берген болатын. Осы жұмысқа қызығып кеттім, — дейді Мұсағали, аға.
Осылайша, жас Мұсағали Түлтаев тепловоз машинистері көмекшілерінің курстарына бағытталды. Курстарды 1977 жылдың 3 наурызы күні аяқтаған Мұсағали машинис көмекшісінің жұмысына кіріседі. Ал екі ай өткеннен кейін, 7 мамыр күні, ол теміржол әскеріне шақырылып, Отан алдындағы борышын өтей бастайды. Оның әскери қызметі Архангельск облысына қарасты Плесецкий ауданындағы тәртіптік ракеталық объектте өткен болатын. Қазір онда ресейлік ғарыш айлағы орналасқан. Қызметін машинис көмекшісі ретінде өтеп, 1979 жылы туған депосына оралады. 1981 жылдың ақпан айында оңды жұмысымен көзге түскен Мұсағали машинистер курсына бағытталады.
— Тоғыз ай білім алып, 1982 жылдың сәуір айында машинис атандым, — дейді Мұсағали Түлтаев.
Өзінің алғашқы сапарында ол 2Т10Л сериясындағы тепловозды жүргізген еді. Оның 3418 деген нө
— Менің алғашқы тәлімгерім, машинис Иван Шаповалов әлі есімнен шықпайды. Ол талапты, принципті, жұмысқа кәсіби тұрғыдан қарайтын кісі еді. Кешке жақын маған үй жұмысын беріп отырды: мысалы локомотивтің қандай да бір торабын жаттап алу. Ал кейінгі күнгі сапарда осыны сұраушы еді. Осының арқасында локомотивтің техникалық сипаттамаларын, құрылғысын және конструкциясын жете зерттеп алдым. Қазір осы білімдер артық емес. Осы адамға алғысым шексіз, — дейді машинис.
Бес жыл бойы тепловоздарды жүргізіп келген Мұсағали 1987 жылы машинис жұмысынан үзілусіз ВЛ80С сериясындағы электровоздарды жүргізу бойынша депо жанындағы жеделдетілген бір жарым айлық курстардан өтеді. Сол уақыттан бері ол жүк және жолаушылар қозғалысындағы электровоздар мен тепловоздарды жүргізе бастайды.
Жылжымалы құрамның маршруты үнемі бірдей болса да, жол бірдей бола береді деп айту қиын. Жолда кез келген тосын жәйт болып қалуы мүмкін. Сол
— Қалыпсыз жағдай кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Бұған үнемі дайын болу қажет. Бұл жерде сақтық таныту және жалғыз дұрыс шешімді қабылдау артық болмайды. Машинис ведомстволық қызметтердің басқа жұмыскерлеріне қарағанда, жоғарырақ тұруы тиіс деп бекер айтылмаған. Бұл үшін машинис өз білімін үнемі жетілдіріп отырады. Депо басындағы жаттығу құрылғыларында немесе локомотивтерде техникалық оқулар үнемі жүргізіледі, — дейді ол.
1979 жылдың мамыр айынан бастап ол локомотив бригадаларының нұсқаушы машинисі, техникалық бөлімінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі инженер, 1 санаттағы технолог инженер, бас технолог, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер сияқты қызметтерді атқарып келді. 2010 жылдың наурыз айынан бері негізгі локомотив депосының аға кезекшісі қызметінде.
— Депо жөніндегі кезекшінің жұмысы — жауапты іс. Ол қозғалысты ұйымдастыра алуы тиіс. Мысалы, локомотивтерді бөлу, локомотив бригадасының шығуын қамтамасыз ету және т.б., — дейді Түлтаев.
Бүгінгі күні ол депоның жас еңбеккерлеріне үлгі болып отырған маман. Басшылық оны еңбекқор, адал және жауапты қызметкер ретінде бағалап отыр. Көптеген жас жұмыскерлер үшін Мұсағали Расулұлы тәжірибесі мол тәлімгер бола алып, теміржолға жол ашты деуге негіз бар. Онымен локомотивтің 15 машинисі мен 25 көмекшісі дайындалған.
Ердің атын еңбек шығарар
«Қарағанды пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» акционерлік қоғамы филиалының тепловоз машинисі Александр Бунинді кәсіпқойлығы жоғары еңбеккер деп бағалауға болады. Жастарға тә
Александр Бунин Қарағандыға қарасты Компанейск поселкесінде өмірге келген. Өзі есіне түсіріп отырғандай, бұл бұрынғы жер аударылғандардың жері болса керек.
Мектепті аяқтаған Александр әскер қатарына шақырылады. Германияда танктің
— Теміржолда осыншама уақыт бойы жұмыс істеймін деп ойламаған едім, — деп күлімсірей әңгімесін бастады Александр Бунин.
Сан қилы өмір жолдарынан сүрінбей өткен Александрдың өзі мойындап отырғандай, бұның бәрі бекер болмапты. Қиын сәттерде қасында бірге болып, үнемі қол ұстасып келе жатқан жары Татьяна да жолдасынан мысал алып, өз өмірін теміржол мамандығымен байланыстырса керек. Жергілікті тұрғындар Буниндер жанұясын үлгілі әрі мықты отбасы ретінде жақсы біледі.
— Үйдегілер жұмысымның кестесіне үйреніп алған, — деп бөліседі бізбен Александр Владимирович. — Ең кішкентайлардың ө
Александр Владимирович бірнеше рет оқыс жағдайға ұшырағанын айтады. Олардың қатарында — техникалық ақаулар салдарынан тепловоз жабдықтарының істен шығуы немесе маскүнем адамның теміржолға шығып кетуі. Дегенмен, өзінің тәжірибесі мен періштенің қолдауы арқасында Бунин кез келген ауыртпалықтан оңай шыға алған.
— Біздің кәсібіміздегі ең бастысы — тәртіп пен демалыс, — деп санайды Александр Бунин. — Жақсы жұмыс істеу үшін, жақсы демалу керек.
Бүгінгі күні Бунин жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған маман. Ол локомотивтерге қызмет көрсетудің жоғарғы мәдениетін сақтай отырып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау техникасын бұзусыз жұмыс атқарады. Алдыңғы қатарлы маман
Бгінгі таңдаАлександр Бунин өз ұжымының беделді қызметкері. Адал еңбегі үшін бірнеше мәрте «Локомотив» АҚ Президентінің, депо басшылығының және кәсіптік одақтың Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.
Өмір қозғалыссыз болмайды
«Қарағанды пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» акционерлік қоғамы филиалының электровоз машинисі Жолчу Камчиев өзін бақытты адамдардың санатына жатқызады. Өйткені, бұл үшін онда барлығы бар — сүйікті жұмыс, тамаша отбасы және болашағы зор шәкірттері.
Біздің кейіпкеріміздің балалық шағы, балдәурені және жастық шағы көршілес Қырғызстанда өткен екен. Мектепте оқып жүрген
Мектепті аяқтаған Жолчу Ош ауыл шаруашылық техникумына түсіп,
— Басымыздан қиын-қыстау
Жолчу Камчиевтің жеке және кәсіби өсіміне септігін тигізген тә
— Менің аға жолдасым — Николай Добрунов электровозды басқару шеберлігіне үйреткен еді. Сол кісінің арқасында қазір пойыздарды қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаумен жүргізіп келемін. Оқыс жағдайлар болып қалған кезде өзімді ұстап, кезінде менің ұстазым үйреткен өсиеттерді еске түсіремін, — дейді ол.
Деподағы жұмысы барысында Жолчу Камчиев өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Әріптестерінің сөзіне қарағанда, Камчиев — еңбекқор, адал әрі жауапты еңбеккер. Теміржол көлігінің білікті маманы өзінің кәсіби шеберлігі мен техникалық білімін күнделікті ө
Бүгінгі таңда Жолчу Камчиев бірінші санаттағы электровоз машинисі болып табылады. Көптеген жылдар бойы теміржолда жинаған тәжірибесімен жас мамандармен бөліседі.
Жұмысында көрсеткен мінсіз және адал еңбегі үшін Жолчу бірнеше мәрте депо басшылығының Құрмет грамоталарымен және, ақшалай сыйлықтарымен атап өтілген болатын.
Өз ісінің кәсіпқойы
Осымен жиырма жыл уақыт бойы теміржолда жұмыс істеп келе жатқан «Алматы пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» АҚ филиалының машинисі Жанатбек Байғозин әріптестерінің арасында өз ісінің кәсіпқойы болып саналады. Ол — маневрлік қозғалыстың үздік машинисі.
— Пойыздарды жүргізуді кішкентай кезімнен армандаушы едім. Бұл нағыз ер адамдардың жұмысы емес пе?! — дейді Жанатбек Байғозин.
Мектепті бітірген Жанатбек өмірлік жолын таңдай бастайды. Оны теміржол, локомотивтің күрделі механизмі тым қызықтырған еді. Осылайша, «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша № 48 Алматы кә
1991 жылы Жанатбек «Матай пайдалану локомотив депосына» келіп, бірінші кү
— Локомотивтегі алғашқы рейсім ә
1994 жылы Жанатбек Байғозин тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде Алматы пайдалану локомотив депосына ауысытырылады. 2001 жылдың шілде айынан бері тепловоздарды өз бетінше жүргізіп келеді.
— Біздің мамандығымыздың романтикасы — сені алда не күтіп тұрғанын білмеуіңде. Жол үнемі әртүрлі болады. Оны болжау қиын, — дейді Жанатбек Абуханұлы.
Сабырлы да парасатты Жанатбек өз әріптестерінің арасында жоғары беделге ие болып отырған жан екен. Деподағылардың айтуына қарағанда, жұмыстың бар уақытында Жанатбек пойыздық және маневрлік жұмыста, ақау жібермей, жыл сайын жүйелі түрде отынды үнемдеуге тырысады.
Қасындағы жас машинистерге өз білімі мен тәжірибесін беруге ұмтылады. Сонымен бірге, қуаныш пен қанағаттанарлық әкелетін машинистің адал еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге ниет білдіреді.
Жанатбек Абуханұлы теміржолдың алтын қағидасын меңгеріп алған: тәртіпті деп жауапты болу қажет.
— Кішігірім олқылық пен жансақтық түзетілмейтін қайғыға әкелуі мүмкін. Тапсырылған іске деген жоғары азаматтық жауапкершілік барлық теміржолшыларға тән. Алайда, машинис жауапкершілігінің ауқымы, сұранысы ерекше: оның қызметіне жүздеген адамдар еңбегінің нәтижесі, пойыздар қозғалысының ритмі және көліктік, ағынның жылжуы тікелей байланысты, — дейді Жанатбек.
Депо басшылығы Жанатбектің іскерлік әрі кәсіби қасиеттерін бірнеше мәрте атап өтіп, оны Грамоталар мен Алғыс хаттарымен марапаттап өткен болатын.
Юрий Елисеев, Арыс
Светлана Могай, Қарағанды
Елена Қолдасбаева, Алматы
«Транзит» журналы
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...