Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті
1744 / 01.06.2018 16:32

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік сурет, спорттық эстафеталар, билер, әндер байқаулары мен тәттілер - ересектер мерекені ұмытылмастай етуге тырысты. Барлық қатысушы балалар ойындарға белсене қатысып, би билеп, көңіл көтерді.

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль,әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» - «ҚТЖ-Жүк тасымалы ҚБ филиалының төрағасы Ермек Төлегенов кәсіподақ комитеттері теміржолшылардың отбасыларынан шыққан балаларға арналған мерекені өткізуге үлкен күш жұмсағаны туралы атап өтті.

- Халықаралық балаларды қорғау күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Дәстүр бойынша, осы күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамында балаларға арнап көптеген ойын-сауық және мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бұл біздерге, ересектерге, болашақ ұрпақты қолдау, түсіну және қамқорлық көрсетудің қаншалықты маңызды екенін еске салатын ерекше мереке», - деді ол.

Теміржолшылардың өскелең ұрпағына қамқорлық көрсету «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның әлеуметтік саясатының маңызды бөлшегі.

- Барлық балалар бақытты өсуі, үлкендердің қамқорлығын сезінуі және болашақта тамаша ата-ана және кәсіп иелері болуы қажет, - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов.

Осылайша, ЖТ Жамбыл облыстық бөлімшесінің кәсіподағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында жұмысшылардың балаларына аниматорлар шақырумен мерекелік іс-шара өткізді. Шараға 5-12 жас аралығындағы 400-дей бала қатысты. Олар арнап аттракциондарға 1000-нан билеттер сатып алынды, асфальт бетінде сурет салудан байқау өткізілді. Ерекше көзге түскен балалар ұтыстар мен сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық балаларға балмұздақ тартылды.

Қостанай филиалында кәсіподақ сурет конкурсын өткізді. Жеңімпаздарды марапаттау «Қорғаныстағы иттер» фильмінің көрсетілімінің алдында кинотеатрда өтті. Оларды дипломдар мен жүлделермен марапаттады. Мерекеге 270-тен астам бала қатысты. Барлық балаларға сусындар мен тәттілер таратылды. Сондай-ақ қостанайлық теміржолшылар Әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығында тұратын және туберкулезге қарсы диспансердің балалар бөлімінде емдеуден өтіп жатқан балаларды құттықтады. Олар сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі баланың үйіне барып, ұялы телефон сыйлады.

ЖТ Шымкент, Орал және Қызылорда бөлімшелерінің кәсіподақтары да «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында балалар суреттерінің байқауын өткізді. Байқаудың финалистері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Балалар үшін дәм татулар және мәдени бағдарлама ұйымдастырды. Марапаттау рәсімінен кейін, балалар өздерінің ең ардақты тілектерін тіледі және оларды жарқын шарлармен бірге аспанға ұшырды. ЖТ Маңғыстау бөлімшесінің кәсіподағы жұмысшылардың балаларына арналған балалар мерекесіне облыстық қуыршақ театрының әртістерін шақырды. Аниматорлар балалардың көңілін көтерді, оларға арнап ән, би, ойындар мен байқаулар ұйымдастырды. Балалар асфальтқа суреттер салып, батутта секірді. Балаларға тәттілер, сусындар мен балмұздақтар таратылды. Ақмола бөлімшесінің кәсіподағы жұмысшылардың балаларының «Алтын Арман» демалыс аймағына табиғатқа шығуын ұйымдастырды. Мерекелік іс-шарада ойындар, көңілді билер мен дәмді тағамдар ұйымдастырылды. Мереке соңында барлық балаларға сыйлықтар берілді.

ЖТ Атырау бөлімшесінің кәсіподақ мүшелері көңілді балалар мерекесін ұйымдастырды. Олар қызметкерлердің балаларына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Балалар үлкен қуанышпен барлық жарыстарға қатысып, күш-жігерін, ептілігін, көңілді эстафетада ұйымшыл команда бола алатындығын көрсетті, асфальтқа өз армандарын суретпен салды. Барлық балалар сыйлықтар алды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «С.Сейфуллин атындағы санатория - профилактория» филиалының қызметкерлері үшін Бурабайдың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Балалардың осы күні алған жағымды эмоциялары оларды енді ұзақ уақыт бойы шабыттандырады.

Поделиться:
Популярные новости
1489 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1353 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер