Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
1570 / 06.08.2014 00:00

Темір магистралінің негізгі тұлғалары

Локомотив машинистері теміржол көлігінде алғашқы мамандық болып саналғандықтан, олар теміржолшылардың үлкен тобының авангардын құрайды деуге болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әрқайсысы машинис бола бермейді. Бұл — мықты да батыл адамдардың үлесі десек, артық айтқандық болмас. Әр уақытта осы кәсіп иелеріне ең жоғарғы деген талаптар қойылып келсе, тепловоз бен электровоздың қазіргі заман машинисінің қолынан көп іс келуі тиіс: жылу техникасының, электртехниканың және механиканың негіздері, локомотивті басқарудың тәжірибелік дағдылары және тағы басқасы. Теміржолдағы жұмысқа оған шын ниетпен әрі лайықты адамдар ғана берілетіні белгілі. Олардың қатарында ұжымның негізін құрайтын кәсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар байсалдық қасиетіне ие және өзін-өзі ұстай алатын мамандарды біріктіретін ерекше дәстүрдің нағыз сақтаушылары бар.

Сан қилы өмір жолдары

Адамдар мамандықтарын түрлі себептер бойынша таңдайды: біреулері — кәсіптерін мақсатты таңдаса, басқалары — бар өмірінің арманына қол жеткізеді. «Арыс пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» акционерлік қоғамы филиалының негізгі локомотив депосының аға кезекшісі Мұсағали Түлтаев теміржолға жақын туысының мысалы бойынша келіпті.

— Мен 1958 жылы орман шаруашылығының қатардағы жұмыскерінің отбасында өмірге келдім. Отбасымызда жеті, ағайынды болсақ, мен — үшіншісімін. Енді отбасымызды теміржолшылар әулетіне жатқызуға болады. Барлығы да үлкен, ағамнан басталды. Ол теміржол саласындағы жұмысқа алғашқы болып келіп, өзінің әңгімелерімен бізді қызықтырды деуге болады. Бастапқыда мен құрылысшы болуды армандаушы едім. Алайда, орта мектепті аяқтағаннан кейін мені, ағам депоға әкеліп, теміржолда жұмыс істеу кеңесін берген болатын. Осы жұмысқа қызығып кеттім, — дейді Мұсағали, аға.

Осылайша, жас Мұсағали Түлтаев тепловоз машинистері көмекшілерінің курстарына бағытталды. Курстарды 1977 жылдың 3 наурызы күні аяқтаған Мұсағали машинис көмекшісінің жұмысына кіріседі. Ал екі ай өткеннен кейін, 7 мамыр күні, ол теміржол әскеріне шақырылып, Отан алдындағы борышын өтей бастайды. Оның әскери қызметі Архангельск облысына қарасты Плесецкий ауданындағы тәртіптік ракеталық объектте өткен болатын. Қазір онда ресейлік ғарыш айлағы орналасқан. Қызметін машинис көмекшісі ретінде өтеп, 1979 жылы туған депосына оралады. 1981 жылдың ақпан айында оңды жұмысымен көзге түскен Мұсағали машинистер курсына бағытталады.

— Тоғыз ай білім алып, 1982 жылдың сәуір айында машинис атандым, — дейді Мұсағали Түлтаев.

Өзінің алғашқы сапарында ол 2Т10Л сериясындағы тепловозды жүргізген еді. Оның 3418 деген нөмірі-де машинистің есінде әлі бар.

— Менің алғашқы тәлімгерім, машинис Иван Шаповалов әлі есімнен шықпайды. Ол талапты, принципті, жұмысқа кәсіби тұрғыдан қарайтын кісі еді. Кешке жақын маған үй жұмысын беріп отырды: мысалы локомотивтің қандай да бір торабын жаттап алу. Ал кейінгі күнгі сапарда осыны сұраушы еді. Осының арқасында локомотивтің техникалық сипаттамаларын, құрылғысын және конструкциясын жете зерттеп алдым. Қазір осы білімдер артық емес. Осы адамға алғысым шексіз, — дейді машинис.

Бес жыл бойы тепловоздарды жүргізіп келген Мұсағали 1987 жылы машинис жұмысынан үзілусіз ВЛ80С сериясындағы электровоздарды жүргізу бойынша депо жанындағы жеделдетілген бір жарым айлық курстардан өтеді. Сол уақыттан бері ол жүк және жолаушылар қозғалысындағы электровоздар мен тепловоздарды жүргізе бастайды.

Жылжымалы құрамның маршруты үнемі бірдей болса да, жол бірдей бола береді деп айту қиын. Жолда кез келген тосын жәйт болып қалуы мүмкін. Сол себепті-де, машинистің жүйкесі-де денсаулығы да мықты болуы тиіс.

— Қалыпсыз жағдай кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Бұған үнемі дайын болу қажет. Бұл жерде сақтық таныту және жалғыз дұрыс шешімді қабылдау артық болмайды. Машинис ведомстволық қызметтердің басқа жұмыскерлеріне қарағанда, жоғарырақ тұруы тиіс деп бекер айтылмаған. Бұл үшін машинис өз білімін үнемі жетілдіріп отырады. Депо басындағы жаттығу құрылғыларында немесе локомотивтерде техникалық оқулар үнемі жүргізіледі, — дейді ол.

1979 жылдың мамыр айынан бастап ол локомотив бригадаларының нұсқаушы машинисі, техникалық бөлімінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі инженер, 1 санаттағы технолог инженер, бас технолог, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженер сияқты қызметтерді атқарып келді. 2010 жылдың наурыз айынан бері негізгі локомотив депосының аға кезекшісі қызметінде.

— Депо жөніндегі кезекшінің жұмысы — жауапты іс. Ол қозғалысты ұйымдастыра алуы тиіс. Мысалы, локомотивтерді бөлу, локомотив бригадасының шығуын қамтамасыз ету және т.б., — дейді Түлтаев.

Бүгінгі күні ол депоның жас еңбеккерлеріне үлгі болып отырған маман. Басшылық оны еңбекқор, адал және жауапты қызметкер ретінде бағалап отыр. Көптеген жас жұмыскерлер үшін Мұсағали Расулұлы тәжірибесі мол тәлімгер бола алып, теміржолға жол ашты деуге негіз бар. Онымен локомотивтің 15 машинисі мен 25 көмекшісі дайындалған.

Ердің атын еңбек шығарар

«Қарағанды пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» акционерлік қоғамы филиалының тепловоз машинисі Александр Бунинді кәсіпқойлығы жоғары еңбеккер деп бағалауға болады. Жастарға тәлім-тәрбие беріп, немерелерінің сүйікті атасы болып отырған ол пойыздарды жүргізгенде қандай?!

Александр Бунин Қарағандыға қарасты Компанейск поселкесінде өмірге келген. Өзі есіне түсіріп отырғандай, бұл бұрынғы жер аударылғандардың жері болса керек. Ата-анасының жұмысы теміржолмен байланысты болмаса да, Александр, аға жастық шағынан пойыздарға аса қызығушылықпен қарапты. «Ауылдас балалармен бірге локомотив депосының жанынан шықпайтынбыз. Бұның үстіне біздің мектебіміз депоның қамқорлығында болып, локомотивтердің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жөндеу цехтарына экскурсия ретінде жиі барып отырушы едік», — дейді кейіпкер.

Мектепті аяқтаған Александр әскер қатарына шақырылады. Германияда танктің механик-жүргізушісі болған жігіт туған жеріне оралып, бар өмірін теміржолдағы жұмысқа арнауды ұйғарады. 1976 жылдың шілде айында Александр Қарағанды локомотив депосы жанындағы профилактика цехының тепловоздардың жылжымалы құрамдарын жөндеу жөніндегі дизель тобының темір ұстасы жұмысына кірісіп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол Қарағанды жол-техникалық мектебінің тепловоз машинистерінің көмекшілерін даярлау курстарына жолдама алады. Өз ісін қатесіз әрі адал атқарған жас маманды кәсіпорынның басшылығы Алматы жол-техникалық мектебі жанындағы машинистер курстарына бағыттау шешімін қабылдайды. Александр Владимирович осы уақытты кешегі күндей еске алады:

— Теміржолда осыншама уақыт бойы жұмыс істеймін деп ойламаған едім, — деп күлімсірей әңгімесін бастады Александр Бунин.

Сан қилы өмір жолдарынан сүрінбей өткен Александрдың өзі мойындап отырғандай, бұның бәрі бекер болмапты. Қиын сәттерде қасында бірге болып, үнемі қол ұстасып келе жатқан жары Татьяна да жолдасынан мысал алып, өз өмірін теміржол мамандығымен байланыстырса керек. Жергілікті тұрғындар Буниндер жанұясын үлгілі әрі мықты отбасы ретінде жақсы біледі. Ерлі-зайыптылардың екі ұлы бар. Евгений деген ұлы әкесінің жолып қуып, қазіргі уақытта локомотив депосында машинис көмекшісі болып жұмыс істейді. Александр, аға Артем, Ксюша және Даша деген немерелерін тәрбиелеп отырған бақытты ата. Артем да атасы сияқты пойыздарға қызығушылық білдіреді екен. Локомотивтің құрылысы жайлы атасының әңгімесін немересі сағат бойы құлақ салып, тыңдайтын көрінеді.

— Үйдегілер жұмысымның кестесіне үйреніп алған, — деп бөліседі бізбен Александр Владимирович. — Ең кішкентайлардың өздері-де түнгі ауысымнан кейінгі демалыстың қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Мен үйге келгенде, немерелерім теледидарды сөндіріп, өздерін тыныш ұстайды. «Сақтанғанды құдай сақтайды» демекші, қолдорбамның ішінде періштенің суреті салынған кішкентай икона да бар. Ол мені үнемі демеп жүреді деп ойлаймын.

Александр Владимирович бірнеше рет оқыс жағдайға ұшырағанын айтады. Олардың қатарында — техникалық ақаулар салдарынан тепловоз жабдықтарының істен шығуы немесе маскүнем адамның теміржолға шығып кетуі. Дегенмен, өзінің тәжірибесі мен періштенің қолдауы арқасында Бунин кез келген ауыртпалықтан оңай шыға алған.

— Біздің кәсібіміздегі ең бастысы — тәртіп пен демалыс, — деп санайды Александр Бунин. — Жақсы жұмыс істеу үшін, жақсы демалу керек.

Бүгінгі күні Бунин жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған маман. Ол локомотивтерге қызмет көрсетудің жоғарғы мәдениетін сақтай отырып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздік ережелерін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау техникасын бұзусыз жұмыс атқарады. Алдыңғы қатарлы маман отын-энергетикалық қорларды үнемдеп ұстайды.

Бгінгі таңдаАлександр Бунин өз ұжымының беделді қызметкері. Адал еңбегі үшін бірнеше мәрте «Локомотив» АҚ Президентінің, депо басшылығының және кәсіптік одақтың Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Өмір қозғалыссыз болмайды

«Қарағанды пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» акционерлік қоғамы филиалының электровоз машинисі Жолчу Камчиев өзін бақытты адамдардың санатына жатқызады. Өйткені, бұл үшін онда барлығы бар — сүйікті жұмыс, тамаша отбасы және болашағы зор шәкірттері.

Біздің кейіпкеріміздің балалық шағы, балдәурені және жастық шағы көршілес Қырғызстанда өткен екен. Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ, Жолчу өтіп жатқан пойыздарға жиі қарайтын. Алайда, оның Отанында көліктік инфрақұрылым әлсіз дамығандықтан, оның көптеген құрдастары сияқты ұшқыш немесе ғарышкер болуды армандаған.

Мектепті аяқтаған Жолчу Ош ауыл шаруашылық техникумына түсіп, техник-механик мамандығын алады. Аталмыш оқу орнында алған білімі Хабаровск қаласындағы әскери қызметі барысында көп көмектесті деуге болады. Әскери атрибутикасын жақсы білген жас жігіттің қолынан тіпті көлемі үлкен БТР-ді жөнге келтіру-де келуші еді. Отан алдындағы борышын өтеген Жолчу үйіне оралып, Қарағанды қаласында тұратын бір туысқанына қонаққа келеді. Кеншілер астанасында электровоздарды көріп, осы алып машинаны жүргізсем деген ойға бөленеді. Солай, бірте-бірте өз арманына қол жеткізе бастайды. Алдымен, 1981 жылдың тамызында Қарағанды қаласының локомотив депосына жөндеуші темір ұстасы болып жұмысқа орналасса, сол жылдың қараша айында Қарағанды жол-техникалық мектебі жанындағы электровоз машинистерінің көмекшілерін даярлау курстарына бағытталады. Бір жылдан кейін Жолчу Камчиев электровоз, тепловоз машинисінің көмекшісі, ал 1990 жылдың тамыз айында электровоз және тепловоз машинисі болып ауыстырылады. Сол уақытты сағынышпен еске алады.

— Басымыздан қиын-қыстау 90-ыншы жылдарды, содан кейін Кеңес үкіметінің құлдырауын өткердік. Алайда, қайта құру уақыты мені сындырмай, керісінше, шынықтырды деп айта аламын. Еліміз үшін оңай болмаған жылдары Күмісай деген ерекші аты бар қызға үйлендім. Қазір Рустам деген ұлымыз бар. Ұлымда кішкентай кезінен еңбекқорлық, әдептілік және үлкендерге деген құрмет сияқты адами қасиеттерді тәрбиелеуге ұмтылдым. Қазір, Аллаға шүкір, екі немерем өсіп келеді-тоғыз жасар Бауыржан мен екі жасар Манас. Үлкен немеремді жұмысыма жиі апарып, электровоздың құрылысы жайлы әңгімелеймін. Аңғарымпаз немерем болашақта өзім сияқты теміржолда жұмыс істейтініне күмәнім жоқ, — дейді депо машинисі.

Жолчу Камчиевтің жеке және кәсіби өсіміне септігін тигізген тәлімгерлері-де жоқ емес.

— Менің аға жолдасым — Николай Добрунов электровозды басқару шеберлігіне үйреткен еді. Сол кісінің арқасында қазір пойыздарды қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаумен жүргізіп келемін. Оқыс жағдайлар болып қалған кезде өзімді ұстап, кезінде менің ұстазым үйреткен өсиеттерді еске түсіремін, — дейді ол.

Деподағы жұмысы барысында Жолчу Камчиев өзін тек жақсы жағынан ғана көрсете білді. Әріптестерінің сөзіне қарағанда, Камчиев — еңбекқор, адал әрі жауапты еңбеккер. Теміржол көлігінің білікті маманы өзінің кәсіби шеберлігі мен техникалық білімін күнделікті өмірде-де қолданып келеді. Қазіргі уақытта депо машинисі жоғары өндірістік көрсеткіштерді көрсетуде.

Бүгінгі таңда Жолчу Камчиев бірінші санаттағы электровоз машинисі болып табылады. Көптеген жылдар бойы теміржолда жинаған тәжірибесімен жас мамандармен бөліседі.

Жұмысында көрсеткен мінсіз және адал еңбегі үшін Жолчу бірнеше мәрте депо басшылығының Құрмет грамоталарымен және, ақшалай сыйлықтарымен атап өтілген болатын.

Өз ісінің кәсіпқойы

Осымен жиырма жыл уақыт бойы теміржолда жұмыс істеп келе жатқан «Алматы пайдалану локомотив депосы» «Локомотив» АҚ филиалының машинисі Жанатбек Байғозин әріптестерінің арасында өз ісінің кәсіпқойы болып саналады. Ол — маневрлік қозғалыстың үздік машинисі.

— Пойыздарды жүргізуді кішкентай кезімнен армандаушы едім. Бұл нағыз ер адамдардың жұмысы емес пе?! — дейді Жанатбек Байғозин.

Мектепті бітірген Жанатбек өмірлік жолын таңдай бастайды. Оны теміржол, локомотивтің күрделі механизмі тым қызықтырған еді. Осылайша, «Тепловоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша № 48 Алматы кәсіптік-техникалық училищесін аяқтайды.

1991 жылы Жанатбек «Матай пайдалану локомотив депосына» келіп, бірінші күндерден-ақ сүйікті ісіне кірісіп кетеді.

— Локомотивтегі алғашқы рейсім әлі-де болса есімде. Бұл ұмытылмайтын оқиға ғой! Барлығы қаншалықты қызықты болса, соншалықты күрделі-де. Белгі шамдарының жағылуы мен аспаптар тілдерінің ауысуы, терезе сыртында жол белгілері мен радиостанциялар бойынша түсетін диспетчердің командалары. Осының барлығы да есімде мәңгі бақи сақталып қалмақ. Мен ең бастысын түсіндім: адамның қолынан келмейтін іс жоқ! Бұған тек сеніміміз мол боуы тиіс! — дейді ол.

1994 жылы Жанатбек Байғозин тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде Алматы пайдалану локомотив депосына ауысытырылады. 2001 жылдың шілде айынан бері тепловоздарды өз бетінше жүргізіп келеді.

— Біздің мамандығымыздың романтикасы — сені алда не күтіп тұрғанын білмеуіңде. Жол үнемі әртүрлі болады. Оны болжау қиын, — дейді Жанатбек Абуханұлы.

Сабырлы да парасатты Жанатбек өз әріптестерінің арасында жоғары беделге ие болып отырған жан екен. Деподағылардың айтуына қарағанда, жұмыстың бар уақытында Жанатбек пойыздық және маневрлік жұмыста, ақау жібермей, жыл сайын жүйелі түрде отынды үнемдеуге тырысады.

Қасындағы жас машинистерге өз білімі мен тәжірибесін беруге ұмтылады. Сонымен бірге, қуаныш пен қанағаттанарлық әкелетін машинистің адал еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге ниет білдіреді.

Жанатбек Абуханұлы теміржолдың алтын қағидасын меңгеріп алған: тәртіпті деп жауапты болу қажет.

— Кішігірім олқылық пен жансақтық түзетілмейтін қайғыға әкелуі мүмкін. Тапсырылған іске деген жоғары азаматтық жауапкершілік барлық теміржолшыларға тән. Алайда, машинис жауапкершілігінің ауқымы, сұранысы ерекше: оның қызметіне жүздеген адамдар еңбегінің нәтижесі, пойыздар қозғалысының ритмі және көліктік, ағынның жылжуы тікелей байланысты, — дейді Жанатбек.

Депо басшылығы Жанатбектің іскерлік әрі кәсіби қасиеттерін бірнеше мәрте атап өтіп, оны Грамоталар мен Алғыс хаттарымен марапаттап өткен болатын.

Юрий Елисеев, Арыс
Светлана Могай, Қарағанды
Елена Қолдасбаева, Алматы
«Транзит» журналы

Поделиться:
Популярные новости
1753 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1499 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1361 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер