Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Машинист Люба
1199 / 06.05.2014 11:41

Машинист Люба

Любовь Зарецкая – украин қызы. Соғыс басталғанда 19 жаста болған бойжеткен машинист көмекшісі болып паравоз жүргізуді меңгеріп жүрген. Сол кезден бастап Любаның паравозы майдан даласына қауіпті жүк тасып, қажетті техникалар мен снарядтарды жеткізіп, қайтарында жаралы жауынгерлерді жеткізетін болған.

1921 жылы Украинаның Чернигов облысындағы Смолянка селосында туып-өскен ол жеті жылдық мектепті бітіріп, темір жол училищесіне түсіп, 1940 жылы машинист көмекшісі мамандығын алып, Черниговтағы оңтүстік-батыс темір жолының жолаушылар пойызына машинист көмекшісі болып орналасқан екен. Любовь Зарецкая әңгімесін өзінің паравозынан бастады.

– Менің паравозым - «Су-204-58». Егер қазір бір рет қайта көрсем ғой шіркін, паравозымды құшақтап, шойын темірін сүйер едім. Соғыс аяқталған соң оны Қиыр шығысқа әкетті. 1941 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін майдан мен екі ортада осы паравозыммен қатынадым. Қыстың бір күні біздің паравозды бомбалады. Оны қалпына келтіру үшін Рузаевкадаға депоға әкеткен болатын. Өз жерімізде жұмыс істеудің мүмкіндігі болмаған соң, жөнделген паравозбен бізді Ташкент темір жолына қарасты Түркістан станциясына жіберді. Түркістандағы депода 1941-1943 жылдары машинист көмекшісі болдым. 1943 жылы Ташкенттегі машинистер даярлайтын мектепті бітірген соң 1944 жылдан бастап машинист болдым. 1944 жылы қайтадан Украинаның жаудан азат етілген Чернигов облысына жіберді. Бірақ жолдасымның денсаулығының нашарлауына байланысты 1946 жылы табиғаты қолайлы, жылы аймақ Түркістанға келіп, осында тұрақтап қалдық. 1985 жылы зейнетке шыққанға дейін локомотив депосында жұмыс істедім. Кейін ер-азаматтар көбейген соң бізді, әйелдерді машинистіктен босатты,– дейді соғыс ардагері.

Депода Люба апай тепловоз бен паравоздардың бөлшек-тетіктерін жөндейтін цех бригадирі, мастер болып жұмыс істепті. Любовь Павловна өз саласының нағыз маманы болып қана қоймай, жергілікті халыққа сіңісіп, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан. 1961 жылы Қазақстан әйелдерінің бірінші съезіне делегат болды. Еңбегі де атаусыз қалмай, 1956 жылы «Үздік паравозшы», 1978 жылы «Еңбек ардагері», «Түркістан локомотив пайдалану депосының 100 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Жол қатынастары министрі берген атаулы сағатын да әлі күнге сақтап қойған.

Любовь Зарецкая соғыстан соң Түркістан – Шиелі, Түркістан – Арыс бағытындағы жолаушылар және жүк пойызының машинисті болған. Үнемі қимыл қозғалыста, қайнаған еңбектің ортасында жүргендіктен шығар, күзде 93 жасқа келетін кейуана әлі де өзі жүріп-тұрады, ширақ. Тек 47 жыл үнемі шуылдың арасында жүргендіктен болар, құлағының ауырлағаны болмаса, есте сақтау қабілеті жақсы. Люба әжейдің жары майданда алған ауыр жарақаты салдарынан 1977 жылы қайтыс болыпты. Ұлы мен қызын өзі жетілдіріп өсірген. Ұлы Володия қазір Украинаның Черкасск қаласында тұрады. Қызы Елена анасының жолын қуып біраз жыл депода техникалық бөлімде еңбек етіпті. Қазір әжей қызы мен күйеубаласы және шөбересі Сергеймен бірге тұрып жатыр.

Динар МЕЙІРМАН

– Соғыста паравозбен әр 200 метр жүрген сайын немістер бомба тастап жатты. Бірде қасымдағы от жағушы ағай: «Люба, қашайық. Бомба тастаса, паравоз жарылады. Оның орнына басқа паравоз жасағанмен, сені жасай алмайды» деді. Сосын «Егер қашатын болсаңыз мен сізді өзім-ақ өлтіремін» деп едім, ол өзің біл дегендей, өсіп тұрған күнбағыстардың арасына кіріп жоқ болып кетті. Сол кезде машинист те қасымызға келіп қалған. Қолындағы қағазда «Тұрғындар қаланы босатыңдар, таңғы сағат 9 дан бастап бомбалайды» деп жазылған екен. Сол кезде төбемізден 12 қара самолет ұшып өтіп, паравоздың айналасына үш бомба тастады. Бір құрам жолдан шығып қалды. Лезде су әкеліп түтеп жатқан паравозды өшіріп жатыр едік, әскери адамдар келіп параовозды тастап темір жол бойынан кетуге бұйрық берді. Жансауғалап қаштық. Темір жолдың бергі жағында асқабақ егетін егістік бар еді. Төбедегі самолеттер бүкіл селоға оқ жаудырып жатыр, аяғым асқабақтарға соғылып, бірде шөпке оратылып құлай беремін. Құлаған сайын оқтар зулап айналамнан өтеді. «Оққағарым» мықты шығар, күні бүгінге дейін аман-сау келе жатырмын. Бірақ, ажалдың астында жүрген күндерім ойымнан шықпайды,– дейді сөз арасында өткен күнді еске алып.

– Қазақстанның дәм-тұзы бұйырды. Соғыстың кезінде кімде таңдау болсын? Қайда жіберсе сонда барып, қандай жұмыс берсе соны атқарып жүре бердік. Мен «эгойзм» дегеннің не екенін білмеген адаммын. Қарапайым болдым. Қандай ұлттың өкілі болса да сыйлаған соң, оларда мені сыйлады. Менен үздік машинист шығарған Кузнецов, дядя Вася, дяда Леня Орлов, Корпухин сынды ұстаздарымды ұмытқан жоқпын. Олардың барлығы бірінші санатты машинистер болатын. Бар өмірім осында өтіп келеді. Еңбегімді аяғын жоқпын. Бірақ, көптен бері мені ешкім іздемеп еді. Іздегендеріңізге рахмет,- деп кемсеңдеп қалды қария.

Поделиться:
Популярные новости
1716 / 01.06.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...

1471 / 31.05.2018

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріyt «АЛЖИР» лагерінің тұтқындарының өмірі туралы әңгімелеп берді

«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...

1342 / 30.05.2018

«ҚТЖ – Жүк тасымалыАҚ қазылар алқасы балалар байқауының қорытындысын шығарды және жеңімпаздарды анықтады

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер