Мойынты - Балқаш учаскесіндегі қозғалыс бойынша ақпарат
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстар...
Бала күнінде «шопыр» болып машина жүргізуді армандамайтын бала болмайды. Ал Жақсат кішкентайынан «өскенде кім боласың?» десе, «пойыз айдаймын» деп жауап береді екен. Темір жолдың бойында, Қызылорданың Арал ауданына қарасты Сексеуіл станциясында дүниеге келген бала үшін мұның еш ерекшелігі болмаса керек.
Айтқанындай, Қазалыдағы машинистер даярлайтын училищені тәмәмдаған соң Сексеуіл локомотив пайдалану депосына машинист көмекшісі болып қабылданады. Табаны күректей бес жыл көмекші машинист болып әбден тәжірибе жинаған соң ғана машинист тізгініне ие болды. Бұл 1982 жыл болатын. Міне, содан бері қол үзбестен өзі сүйген мамандығы бойынша жұмыс істеп келеді.
Мамандығына адал Жақсат Ибрагимов жерге қаратқан жоқ, өндірістік көрсеткіштерін үнемі жоғары ұстап, салалық жарыстардың бірнеше рет жеңімпазы атанды. Басшылар тарапынан еңбегіне лайықты мақтаулар мен марапатқа да ие болды. Марапаттың ең үлкенін бертін келе, ширек ғасырдай уақыт өткенде алды. 2007 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының ұйғарымымен «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін кеудесіне тақты.
-Балаларым да менің ізімді қуып, темір жол саласына жұмысқа тұрып, бүгінде өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша еңбек етуде, – дейді машинист Жақсат Ибрагимов.
Үлкен ұлы Асылбек бүгінде өзімен үзеңгі қағыстырып дегендей жұмыс істейтін мынау деген машинист. Ал екінші ұлы Асылхан депода сапа инженері болып жұмыс істейді. Бүгінде әкелі-балалы машинистер күзгі комиссиялық байқауды өз дәрежесінде өткізуде. Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі жөнінде өткізілген аттестация қорытындысымен «жақсы» деген баға алған олар жыл басынан бері ешбір апат-ақауға жол берген емес. Жылжымалы құрамды Сексеуілден Ақтөбе жол бөлімшесінің Тоғыз станциясына дейін, бергі жағы Қазалы станциясына дейін ешбір кедергісіз, уақытылы жеткізіп жүрген әкелі балалы машинистер депо ұжымының қазіргі жетістіктеріне сүбелі үлестерін қосып жүр деуге толық негіз бар.
Депода жүргізіліп жатқан қысқа әзірлік жұмыстары да көңілден шығады. Ағымдық жөндеуден шыққан тепловоздар түгелімен сырланып, қосалқы бөлшектері ауыстырылған. Енді жақын күндері қысқы жанар-жағар майлары ауыстырылып, мотор тұстары жабылғымен қапталмақ. Мұндай негізгі, қажетті заттардың уақытылы қамтылуы кешегі өткен байқаудағы комиссия құрамының есертулерінде де нақтылай айтылды.
-Локомотив паркіндегі тепловоздардың барлығы осындай ірілі-ұсақты сынақтардан өткен, – дейді депо директоры Бөрі Суханұлы, – Алдағы күндердің еншісінде әлі де атқарылуға тиісті біршама жұмыстарымыз бар. Мақсат, темір тұлпарларды қысқа сақадай сай шығару.
Төребай КЕНЖЕБАЙ
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Асфальтқа салынған ең үздік су...
«Астана» теміржол торабының кәсіподақ ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күніне арна...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Халықаралық Балаларды қорғау күніне қызметкерлердің балаларының арасында елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Астан...