Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52

Транзиттік тасымалдар

«Қазақстан өзінің тарихи рөлін қайта жаңғыртып, Орталық Азиялық өңірдің ең ірі іскерлік және транзиттік хабына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпірге айналуы тиіс.

Осы мега жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде, күтіліп отырғандай, 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк ағыны одан әрі де оны кемінде 50 млн. тоннаға дейін жеткізе отырып, 2 есе дерлік өсуі тиіс» (Н.Ә.Назарбаев)

Қазақстан Республикасы Президентімен қойылған міндеттерді жүзеге асыру және транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану мақсатында төмендегілер бірінші кезектегі шаралар болып табылады:

  • Транзиттік жүктердің қосымша көлемдерін тартуға, баламалы маршруттармен және көлік түрлерімен жіті бәсеке жағдайларында бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайларды қалпытастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүктерді тасымалдауға арналған икемді тарифтік саясатты жүргізу;
  • 2015 жылға қарай Достық станциясының өткізу және қайта өңдеу қабілеттілігін 25 млн. тоннаға дейін арттыру мақсатында Достық шекаралық станциясын дамыту және, Ақтоғай — Достық теміржол желісін күшейту;
  • Бірыңғай біріктірілген көліктік-логистикалық сервисті қалыптастыру және трансконтинентальдік бағыттағы жүк, ағындарын тиімді игеру үшін Алтынкөл — Хоргос халықаралық теміржол шекара өткелін, шекаралық қызметтестіктің халықаралық орталығын және «Хоргос — Шығыс қапасы» Бос экономикалық аймағын дамыту;
  • Еуропалық бағыттағы және Парсы шығанағының елдеріне жүктер тасымалдарын арттыру үшін Жезқазған — Сексеуіл — Бейнеу (988 км), Арқалық — Шұбаркөл (теміржолдың 214 км) теміржол тораптарын пайдалануға беру;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан Қазақстанның көліктік дәліздерінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған көліктік инфрақұрылымның тиелімін қамтамасыз ететін және сапалы сервис (жылдамдық, сервис, баға, тұрақтылық, сақтылық) ұсынатын жүк, ағындарының реттегіші болуы тиіс әлемдік логистикалық компаниялардың тәжірибесін пайдалана отырып, өзіне барлық көліктік активтерді (әуежайлар, Ақтау теңіз кемежайы, Хоргос АЭА) біріктіру арқылы ұлттық мультимодальдік операторы құрылып отыр.
  • «Нақты мерзімге» ережесі бойынша сапардың бекітілген нақты кестелері бойынша тұрақты түрде трансконтинентальдік маршруттар бойынша контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру;
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қытай және Еуропаның ірі логистикалық компанияларымен стратегиялық серіктестікте контейнерлік (мультмодальдік) тасымалдар нарығындағы әсер ету салаларын кеңейту;
  • Жүктерді терминалдық өңдеудің сапасы мен жылдамдығын шоғырландыру және арттыру жолында ішкі және сыртқы терминалдық жүйелерді құру.

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер