Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі: тиеу көлемін арттыру, маршруттауды дамыту
Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша жүктерді тие...
Владимир Викторович Петров - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы)
Владимир Петров 1969 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Алматы Темір жол көлігі инженерлері институтын «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Doctor of Business Administration дәрежесіне ие.
Теміржолдағы жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Қандыағаш станциясында пойыз құрастырушысының көмекшісі болып бастады. Тасымалдау процесін басқару және үйлестірумен байланысты барлық негізгі қызметтерді атқарды, Қандыағаш класстан тыс стансциясында пойыз диспетчері, бастықтың бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2006-2011 жылдары - Ақтөбе жол бөлімі директорының бірінші орынбасары. 2014 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Тасымалдау процесі дирекциясын басқарды. 2015 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Біріктірілген жоспарлау дирекциясын құруға қатысып, кейіннен оны басқарды. «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ бас инженері және біріктірілген жоспарлау және ақпараттандыру жөніндегі Вице – президенті болды. Трансформация шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірқатар жобаларды басқарды, соның ішінде өңірлік пойыздар қозғалысын басқару орталықтарын құру (Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік RCUP).
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ын Трансформациялау шеңберінде бірқатар жобаларды басқарды, соның ішінде аймақтық пойыздардың қозғалысын басқару орталықтарын құру (Батыс, Оңтүстік-Шығыс және Солтүстік АПБО).
«Қазтеміртранс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2021 жылдан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Басқармасын басқарды.
Владимир Петров темір жол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» ордені, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі, «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік медальдерімен қатар басқа да бірқатар елеулі марапаттармен марапатталды. Владимир Петров – Құрметті теміржолшы марапатына ие.
Омарбекова Шолпан Сапарғалиқызы – Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған, Назарбаев Университетінде МВА магистрі дәрежесі бар. CIMA (rus), ACCA DipIFR(rus) біліктіліктері бар.
1991-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеді. 2000 жылы «Қазгипрожелдортранс» ААҚ-да бас маман ретінде теміржол саласында жұмыс істей бастады.
2002-2010 жылдар аралығында «Қазтранссервис» АҚ қаржы директоры, кейін вице-президенті болып тағайындалды. 2013 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Тарифтік саясат басқармасын басқарды. 2013-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
2016 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 сәуіріне дейін – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті.
2018 жылдың сәуірінен 2022 жылдың 25 қаңтарына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылық бақылаушы, қаржы директоры қызметтерін атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған.
Қабылов Қайрат Мұратұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма отырысында Басқарма мүшесі болып тағайындалды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Осыған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС құрылымдық бөлімшесінде өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқарған.
Қайрат Мұратұлы Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша аяқтаған. Master of Business Administration и Doctor of Business Administration ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын Артель «Восток» компаниясында басқарма төрағасының орынбасары және Павлодар облысындағы «Алпыс» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.
Әртүрлі жылдарда Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» ААҚ-ның бөлім меңгерушісі, Бас директордың орынбасары және Президенттің кеңесшісі, Астана қаласындағы «SINOOIL» АҚ вице-президенті, Астана қаласындағы «Локомотив» АҚ атқарушы директоры, «Ромпетрол Қазақстан» ЖШС өкілдігінің басшысы, Қарағанды қаласындағы «Өңіраралық клирингтік палата» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2015-2017 жылдар аралығында Тбилисидегі «Ромпетрол Грузия» ЖШС бас директоры және бас директорының орынбасары қызметтерінде болды. 2017-2019 жылдары Тбилиси (Грузия) қаласындағы «Atlas RK groupe» ЖШС бас директорының 1-ші орынбасары қызметін атқарды. Әртүрлі жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында – «Магистральдық желі дирекциясы», «Тасымалдау процесі дирекциясы», Инвестициялық саясат департаментінде және «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-де жұмыс істеді.
«Қазақстан темір жолына 110 жыл» ҚР теміржол көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін» салалық медалімен марапатталған, 2014 ж.
Уайсов Уалихан Сырлыбайұлы – Басқарма мүшесі – Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор
Білімі: Астана қаласындағы Қазақ-Ресей университеті, Құқықтану, Экономика. Қазақ гуманитарлық-заң университеті Заң магистрі.
Еңбек қызметі:
01.09.2001 – 15.10.2007 Қазақ-Ресей университетінің заң пәндері кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, меңгерушісінің міндетін атқарушы.
15.10.2007 – 11.02.2008 «ГазИнСервис» ЖШС заңгері
11.02.2008 – 21.04.2011 «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Шымкент МГ құрылысы» жобасын басқару жөніндегі департаментінің сатып алу бөлімінің бас менеджері, жетекші заңгері, бас менеджері.
22.04.2011 – 08.07.2014 «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Басқарма хатшылығының жауапты хатшысы, Басшысы.
09.07.2014 – 31.07.2016 «ҚазТрансГаз» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары, Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.
01.08.2016 – 15.06.2020 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің Корпоративтік хатшысының орынбасары
22.02.2019 – 19.02.2020 «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (Тәуелсіз директор), Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің Төрағасы, Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі.
03.07.2020 – 11.10.2021 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Халықаралық келісім-шарттар департаментінің халықаралық жобаларды құқықтық қамтамасыз ету тобының жетекшісі.
12.10.2021 – қазірге дейін Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор.
«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
2019 жылдың 7 қарашасынан бастап «Директор» мәртебесінде ТДА Кәсіби директорлар ассоциациясының (Ресей Федерациясы) мүшесі. 2021 жылдың шілде айынан бастап «Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Марасилов Марал Серікұлы – ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін,
Қарағанды экономикалық университетін,
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Conservatoire national des arts et métiers (CNAM) бітірген.
Жалпы жұмыс өтілі 23 жылдан астам. Еңбек жолын «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ – «Процессинг орталығы» филиалында бас маман, кадрлар жөніндегі менеджер, персоналды басқару бөлімінің бастығы болып бастап,
кейін 2009-2010 жылдары «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Вице-президентінің көмекшісі болды.
2012-2018 жылдар аралығында – «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының директоры болып қызмет атқарды. Кейін Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының операциялар жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды .
2019-2020 жылдар аралығында Азық - түлікті тұрақтандыру қоры басқармасының басқарушы директоры, сондай-ақ «Түркістан «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және Даму жөніндегі басқарушы директор міндеттерін атқарған.
2021-2022 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің HR және коммерцияландыру жөніндегі ректорының кеңесшісі болды.
2022-2024 жылдар аралығында – «Транко» компаниялар тобының HR директоры болған . Осы қызметке тағайындалғанға дейін (2024 жылдың 24 желстоқсанына дейін) «ҚТЖ-Жүктасымалы»ЖШС–«Отынресурстарыорталығы» филиалыныңбасменеджері болды.
Қазақстанның HR менеджерлер қауымдастығының мүшесі.
Үйленген, 5 баласы бар.
Үмбетов Асан Ізтілеуұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары
1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Темір жол инженері (локомотивтер) біліктілігі бойынша бітірген.
Ол 20 жылдан астам локомотив саласында еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Ақтөбе локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған. Әйтеке би айналым депосының тепловоз машинисті, машинист-нұсқаушысы, директорының орынбасары, Курорт-Боровское пайдалану локомотив депосы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары және Павлодар пайдалану локомотив депосы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 8 жыл Қарағанды пайдалану локомотив депосын басқарды. 2022 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтерді пайдалану департаментінің атқарушы директоры – директоры болып тағайындалды. 2023 жылдың 6 қыркүйегінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.