Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52

a770918c-f640-47c6-891f-f586eae39b22.jpg

Үмбетов Асан Ізтілеуұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы)

1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын Темір жол инженері (локомотивтер) біліктілігі бойынша бітірген.

Ол 20 жылдан астам локомотив саласында еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Ақтөбе локомотив пайдалану депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып бастаған. Әйтеке би айналым депосының тепловоз машинисті, машинист-нұсқаушысы, директорының орынбасары, Курорт-Боровское пайдалану локомотив депосы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары және Павлодар пайдалану локомотив депосы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 8 жыл Қарағанды ​​пайдалану локомотив депосын басқарды. 2022 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтерді пайдалану департаментінің атқарушы директоры – директоры болып тағайындалды. 2023 жылдың 6 қыркүйегінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының локомотив шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.


33a736ad-b187-4574-9db4-309d526f421e.jpg

Омарбекова Шолпан Сапарғалиқызы – Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған, Назарбаев Университетінде МВА магистрі дәрежесі бар. CIMA (rus), ACCA DipIFR(rus) біліктіліктері бар.

1991-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Экономика институтында жұмыс істеді. 2000 жылы «Қазгипрожелдортранс» ААҚ-да бас маман ретінде теміржол саласында жұмыс істей бастады.

2002-2010 жылдар аралығында «Қазтранссервис» АҚ қаржы директоры, кейін вице-президенті болып тағайындалды. 2013 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Тарифтік саясат басқармасын басқарды. 2013-2016 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2016 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 6 сәуіріне дейін – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті.

2018 жылдың сәуірінен 2022 жылдың 25 қаңтарына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржылық бақылаушы, қаржы директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

«Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған.




1506fbd9-c929-4e1e-94b4-1b6b5f733f8d.jpg

Қабылов Қайрат Мұратұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма отырысында Басқарма мүшесі болып тағайындалды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Осыған дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС құрылымдық бөлімшесінде өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқарған.

Қайрат Мұратұлы Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру » мамандығы бойынша аяқтаған. Master of Business Administration и Doctor of Business Administration ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын Артель «Восток» компаниясында басқарма төрағасының орынбасары және Павлодар облысындағы «Алпыс» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған.

Әртүрлі жылдарда Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» ААҚ-ның бөлім меңгерушісі, Бас директордың орынбасары және Президенттің кеңесшісі, Астана қаласындағы «SINOOIL» АҚ вице-президенті, Астана қаласындағы «Локомотив» АҚ атқарушы директоры, «Ромпетрол Қазақстан» ЖШС өкілдігінің басшысы, Қарағанды ​​қаласындағы «Өңіраралық клирингтік палата» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2015-2017 жылдар аралығында Тбилисидегі «Ромпетрол Грузия» ЖШС бас директоры және бас директорының орынбасары қызметтерінде болды. 2017-2019 жылдары Тбилиси (Грузия) қаласындағы «Atlas RK groupe» ЖШС бас директорының 1-ші орынбасары қызметін атқарды. Әртүрлі жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында – «Магистральдық желі дирекциясы», «Тасымалдау процесі дирекциясы», Инвестициялық саясат департаментінде және «Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-де жұмыс істеді.

«Қазақстан темір жолына 110 жыл» ҚР теміржол көлігін дамытуға қосқан үлесі үшін» салалық медалімен марапатталған, 2014 ж.

Теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған.



Исмұхамбетов Әділжан Әбілқайырұлы – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Аппарат басшысы

Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң магистрі академиялық дәрежесіне, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Executive MBA бизнес-дәрежесіне ие. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2000 жылы заңгер көмекшісі қызметінен бастаған. 2003 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тобының құрылымдарында еңбек етеді. 2012 жылға дейін «Транстелеком» АҚ, «Қазтемiртранс» АҚ және корпоративтік орталықта жұмыс істеп, құқықтық қамтамасыз ету саласындағы маман, құрылымдық бөлімшелердің басшысы, сондай-ақ атқарушы директор лауазымдарын атқарған.

2016–2020 жылдары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары ретінде корпоративтік қамтамасыз ету, құқықтық сүйемелдеу, стратегия және HR мәселелеріне жетекшілік етті.

2020–2025 жылдары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат департаментінің атқарушы директоры – директоры қызметін атқарды.

2025 жылғы қараша айынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Аппарат басшысы қызметіне тағайындалды.

Теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған.


a770918c-f640-47c6-891f-f586eae39b22.jpg

Абдрахманов Мұрат Болатұлы -Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы заңгер болып бастаған. Түрлі жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде, Астана қаласы әкімінің аппаратында, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да сот-талап қою және талап-арыз жұмысы саласында басшы қызметтер атқарған.

2016 жылдан бастап «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС компаниялар тобында жұмыс істейді. Құқықтық қамтамасыз ету департаментін басқарған, құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарған. 2020–2022 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Талап-арыз және сот жұмысы департаментінің директоры болған, 2023–2025 жылдары Астана қаласының Қазақстандық халықаралық арбитраждық (төрелік) сотының төрешісі қызметін атқарған. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ге тағайындалғанға дейін «KTZ Express» АҚ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

2026 жылдың маусым айынан бастап – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер