«ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ

Қазақстанның жүк теміржол тасымалдаушысы — «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ 2016 жылдың маусым айында құрылған.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ құрылымында Қазақстан теміржолдарының жүйесі бойынша клиенттерге қызмет көрсететін және жүктер тасымалына қатысты қызметтердің толық кешенін ұсынатын жол бөлімшелері мен локомотив деполарынан құралған филиалдық жүйе бар.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ мұнай және газ, метал, көмір және өнеркәсіптің өзге салаларындағы өндірістің сегменттерінде ірі компаниялардың жүктерін тасымалдаудағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.