Адрес
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметтi клиенттер!

2017 жылғы желтоқсан айының 04-нен бастап барлық жол бөлімшелеріне жол станцияларына жаңа және ескі құжаттар бойынша жүктердің жөнелту бағытын өзгерту АБЖ ККЖ арқылы болады. Осыған байланысты жүк бағытын өзгерту АБЖ ККЖ арқылы ғана өзгерту керек. «Жүк бағытын өзгерту» функционалдық нұсқау АБЖ ККЖ сайтының «Нұсқау» бөлімінен таба аласыздар.

29.11.2017 г.


ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметтi клиенттер!

2017 жылғы қараша айының 20-нан бастап Атырау, Қарағанды, Қызылорда жол бөлімшелерінің барлық станцияларына жаңа және ескі құжаттар бойынша жүктердің жөнелту бағытын өзгерту АБЖ ККЖ арқылы болады. Осыған байланысты жүк бағытын өзгерту АБЖ ККЖ арқылы ғана өзгерту керек. «Жүк бағытын өзгерту» функционалдық нұсқау АБЖ ККЖ сайтының «Нұсқау» бөлімінен таба аласыздар.

13.11.2017 г.


ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметтi клиенттер!

Жүктерді тасымалдау Ережесінің 146, 147 тармақшаларына сәйкес импорттық қатынастардағы тасымал құжаттарында мiндеттi түрде «тасымалдаушының арнайы автоматтандырылған жүйесінде берілген (бұдан әрі-АБЖ ККЖ) жүк алушының нақты және толық атауы және оның коды, көрсетiлуі керек. Сонымен қатар «Төлеушi» бөлімінде жүк тасымалының есебін тиісінше жүзеге асыратын «жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның атауы тегі, аты, жөні толығымен болуы тиіс. Сонымен бiрге төлеушiнiң АБЖ ККЖ меншiктелген коды болуы тиістігін сiздерге хабарлаймыз.

Осыған байланысты, тасымал құжаттардағы жүк алушының, төлеушiнің мәлiметтерi сәйкес еместігі табылған жағдайда мемлекет аралық түйiспе станцияларында (бұдан әрi - МАТС), немесе МАТС-на жақын станцияларында жүктiң аялдауын хабарлайды, барлық тиісті төлемдерi өндiрiніп алынады. 

Баяндалып отырғандай тасымал құжаттарды толтырыу барасында зейін салып толтыруларыңызды сұраймыз.

10.11.2017 г.


«КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Директорлары кеңесінің 2017 жылғы 21 тамыздағы шешімімен қабылданылды:

1.«ҚТЖ «ҰК» АҚ-мен магистральдық темір жол желісінің қызмет көрсетуіне шарт жасасуға байланысты нәтижесінде елу және одан артық пайызы иеліктен шығарылатын (шығарылуы ықтимал) мәміле туралы шешім қабылданатын күніне «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінен құны елу және одан артық пайызын құрайтын мүлікті «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ нәтижесінде иеліктен шығаратын ірі мәміле жасасу туралы мәселелерді «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Жалғыз акционердің қарауына шығару туралы.  

 2. Осы шешімнің 1-тармағында аталған магистральдық темір жол желісінің қызмет көрсетуіне шарт жасасуға байланысты, «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ тиісті қаржылық жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 500000 есе асатын сомаға міндеттемелерін арттыру туралы.


«ҚТЖ — Жүк тасымалы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қоғам) 2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енгізумен Қоғамның 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 982-ГП бұйрығымен жарияланған 2017 жылға локомотив күші қызметтерінің бөлігінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау тарифтерін арттыруды қысқа мерзімге тоқтату жайлы хабарлайды.

Дәл қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсанындағы «Тұрғын үй құрылысының бәсекелестігі және мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне өзгертулер және толықтырулар енгізілуін есепке ала отырып, Қоғам, қоғамдық маңызды нарық субъектісі ретінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне 2017 жылға локомотив күші қызметтерінің бөлігінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау тарифін арттыру мәлімдемесімен қайта хабарласқан болатын.

Бұнымен қатар, инфляция-деңгейінің аясында 2017 жылға локомотив күші қызметтерінің бөлігінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау тарифтерін арттыру бойынша қол жеткізілген келісімнің сақталғаны жайлы хабарлаймыз.

2017 жылдың 10 қаңтарынан бастап Қоғамның 2016 жылғы 29 желтоқсанындағы № 982-ГП бұйрығының әрекетін жою сәтіне дейін жүзеге асырылған жүктер тасымалы үшін қаражаттардың қайта есептелуі мен қайтарылуы жүзеге асырылатын болады.


Осымен 2017 жылға халықаралық өткізу пункттерінде жүктерді кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге үлгілік шарттың бекітілгені жайлы хабарлаймыз.

Кедендік әкімшіліктендіруді жеңілдету, жүктердің орын ауыстырылуын жылдамдату және өткізудің халықаралық түйісу пункттеріндегі жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру мақсатында барлық мүдделі тұлғалар «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-мен жүктерді кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге шарт жасаулары қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Кедендік қызмет және мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу департаментінің мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8(7172) 60-31-29, 60-03-29.

Үлгілік шарт


«ҚТЖ» ҰК» АҚ кеден транзиті кедендік процедурасының мағлұмдаушысы ретінде шығуын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 30.04.2016ж. № 32-р Қаулысымен бекітілген Кедендік басқаруды жеңілдету жөніндегі шаралар жоспарының 19 пунктін орындау мақсатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) төмендегідей шешім қабылдады:

Кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге үлгілік шарт бекітілді;

Кедендік мағлұмдау үшін алым сомасы бекітілді.

Жоғарыда көрсетілгенге байланысты кедендік басқаруды жеңілдету, жүктердің орын ауыстырылуын жылдамдату және өткізудің мемлекетаралық түйісу пункттерінде жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру мақсатында барлық мүдделі тұлғаларға Қоғаммен Кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсету шартын жасау керек.

Барлық сұрақтар бойынша Кеден қызметі және Қоғамның мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу департаментінің мына анықтама телефондарына хабарласуға болады: 8(7172) 60-31-29.

Жүктерді кедендік мағлұмдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге үлгілік шарты

24.10.2016ж. № 602-ГП Бұйрығы

24.10.2016ж. № 614-ГП Бұйрығы


Вагондар мен контейнерлердің меншік иелері мен жалға алушыларына, экспедиторлық ұйымдарға, жүк жөнелтушілеріне, жүк алушыларына және теміржол көлігі арқылы жүктерді тасымалдау үшін тартылатын өзге тұлғаларға

Кеден одағы Кеден кодексінің 48 тарауына сәйкес, халықаралық тасымалдарының (вагондар, контейнерлер) шетел көліктік құралдары тасымалдаушымен көлік құралына кедендік мағлұмдауды мелмекеттік кірістер органына (кеден органына) беру арқылы Кеден одағының кеден аумағына уақытша кіруде кедендік мағлұмдауға жатады.

Халықаралық тасымалдарының көліктік құралдары Кеден одағының кеден аумағына кеден органымен орнатылатын мерзім шегінде халықаралық тасымалдарды аяқтау немесе бастау үшін ғана енгізілуі мүмкін. Бұл ретте, уақытша кіру мерзімінің шегіндегі бағыттас тиеу жағдайында ішкі тасымалдарда шетелдік көліктік құралдарды пайдалану жіберіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық тасымалдарының көліктік құралдарының ұзақ болуы таңдалған кеден процедурасына сәйкес тиісті ресімдеусіз жіберілмейді.

Кеден одағы Кеден кодексінің 37 тарауымен уақытша әкелімнің (рұқсаттың) кедендік процедурасы реттелген. Онда шетелдік тауар (соның ішінде көліктік құрал) Кеден одағының кеден аумағында орнатылған мерзімнің ішінде әкелім кеден бажынан, салықтардан толық немесе жартылай, төлемнен шартты босатылумен және тарифтік емес реттеу шараларын қолданусыз қолданылады. Бұл ретте, меншік құқығында, жалға алу немесе өзге заң негіздемесінде көліктік құралының құқықтарына ие тұлғамен тауарларға арналған кеден мағлұмдамасымен бірге мемлекеттік кірістер органына Кеден одағы Кеден кодексінің 181 бабымен орнатылған құжаттар мен мәліметтердің тізімі ұсынылады.

Жоғарыда айтылғанның есебімен, ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу үшін уақытша әкелімнің (рұқсаттың) кеден процедурасы бойынша ресімделген халықаралық тасымалдарының бұған дейін шығарылған көліктік құралдарының уақытша кері шығарылымы (Ресей Федерациясына, Беларусь Республикасына, Армения Республикасына, Қазақстан Республикасына, Қырғыз Республикасына тиесілі вагондар мен контейнерлерден басқа), қажеттілігіне қарай, растау құжаттарын ұсынумен мемлекеттік кірістер органында уақытша әкелім мерзімін ұзарту немесе тасымалдаушыға тауарға кеден мағлұмдамасының көшірмелерін бағыттаумен уақытша әкелімнің (рұқсаттың) процедурасы бойынша тиісті кеден ресімдеуі қажеттілігі жайында хабарландырамыз.

Кеден заңнамасын бұзу, соның ішінде халықаралық тасымалдарының көліктік құралдарын беймезгіл кері шығарылуы және орнатылған кеден процедурасы бойынша тауарды мағлұмдамау айыппұл және халықаралық тасымалдаудың көліктік құралдарын тәркілеу түрінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілігіне тартуы мүмкін.

Халықаралық тасымалдардағы көліктік құқралдарын уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік кірістер органының шығару мүмкіндігі туралы шешімі қабылдғанға дейін тиелген немесе бос жағдайда тасымалдарға қабылданбайтынынан қосымша хабарландырамыз.


Барлық экспедиторлық ұйымдарға

ЕЭК 17.09.2013ж. «Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына теміржол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала, ақпараттандыруды енгізу туралы» № 196 шешіміне және Қазақстан Республикасының 09.10.2015ж. «Теміржол көлігі туралы» Заңының 55–1 бабына сәйкес, шекаралық станцияға тауарлар келуіне дейін 4 сағат бұрын КО экспедиторларымен, өкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, жүк жөнелтушілерімен тасымалдаушыларға тауарларға қатысты мәліметтер беріледі.

Барлық экспедиторлық ұйымдар «ҚТЖ» ҰК» АҚ — АСУ ДКР, ақпараттық жүйесіне алдын ала, ақпараттандыруды жүзеге асыру үшін қажет Қазақстан Республикасына шекаралық станциялар арқылы теміржол көлігімен және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен әкелінетін жүктер бойынша тауарларға қатысты мәліметтерді ұсыну қажет.

Жүкқұжаттың және коммерциялық (ілеспе) құжаттардың сканерленген нысандарын қосарлаумен алдын ала, ақпаратты беру ҚР ҚМ МКК-не алдын ала қапартты беруде АСУ ДКР экспедиторлар жұмысының технологиясын қосарлауға сәйкес АСУ ДКР арқылы жүзеге асыруға әбден болады.


Барлық экспедиторлық ұйымдарға, сонымен қатар жүк жөнелтушілеріне, жүк алушыларына, кеден өкілдеріне және жүктерді тасымалдаумен байланысты қызметтерді ұйымдастыру үшін тартылатын өзге тұлғаларға (09.06.2016ж. жарияланды)

Осымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі — «ҚТЖ» ҰК» АҚ) жүктерді және көліктік құралдарды кедендік мағлұмдау бойынша өзге қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жанындағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен келісім алынғанын хабарлаймыз (30.04.2016ж. № 38-14-15/5712 хаты).

Жоғарыда айтылғанның және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 30.04.2016ж. № 32-р Қаулысымен бекітілген кедендік басқаруды жеңілдету жөніндегі шаралар жоспарын орындау негізінде, пункттердің бірімен теміржол көлігімен орын ауыстыратын тауарлар қатынасында кедендік транзиттің кедендік процедурасының мағлұмдаушысы ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ шығуы жөніндегі міндеттер анықталып отыр, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап теміржол көлігімен Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін (шығарылатын) және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағы бойынша транзитпен жүретін тауарлар қатынасында кедендік транзит кедендік процедурасының мағлұмдаушысы ретінде шығатын болды.


«Қазтеміртранс» АҚ цистерналарын жалға алуға қатысты ақпарат

2016 жылдың 01 наурызынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ «Премиум Ойл Транс» ЖШС-не «Қазтеміртранс» АҚ мен «Премиум Ойл Транс» ЖШС арасында жасалған Вагондарды жалға алу шартына сәйкес 5646 бірлік көлемінде мұнай құю цистерналарының паркін жалдама пайдалануына береді.

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ КОНВЕНЦИЯЛЫҚ ТЫЙЫМДАР АНЫҚТАМАСЫ

Тасымал мәлімдемесі (ГУ-12 мәлімдемесінің нысаны), 1-2 қосымша

Тасымал мәлімдемесі (ГУ-12 мәлімдемесінің нысаны), 3 қосымша

Меншікті жүк вагондарын пайдалану және есебінің ережелері

Тасымалдарды жоспарлау тәртібі

Жүктерді тасымалдау ережелері

Тасымалдау процесін жоспарлау ережелері мен технологиясы

Жалға берілген (уақытша пайдалану) және халықаралық қатынаста жүретін инвентарлық парктің жүк вагондарын пайдаланудың есептерін жүргізу және пайдалану тәртібі туралы келісімі

ҚР магистраль т/ж жүйесі бойынша габаритті емес, ұзын өлшемді және салмағы ауыр жүктерді (транспортерлерде) жіберу жөніндегі нұсқау (540-ЦЗ бұйрығы)

540-ЦЗ бұйрығына қосымшалар

МҰНАЙ БИТУМЫН ТАСЫМАЛДАУ ҮШІН ВАГОН-ЦИСТЕРНАЛАРЫНДА ЖӘНЕ БУНКЕРЛІК ТҮРІНДЕГІ ВАГОНДАРДА ҚҰЮМЕН СҰЙЫҚ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

01.07.2016Ж. СМГС

ҮЙЛЕСТІРУ НОМЕНКЛАТУРАСЫ 1 бөлім

ҮЙЛЕСТІРУ НОМЕНКЛАТУРАСЫ 2 бөлім

АҚПАРАТТЫҚ НҰСҚАУ СМГС 5 қосымша

Қолдану жөніндегі телеграфтық нұсқау

ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ СМСГ 2 қосымша

Жүк станцияларының тізімі

ЖҮКТЕР БЕКІТІЛУІН ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ФСМСН 3 қосымша

ЦИМ/СМГС жүкқұжаты жөніндегі нұсқау

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ ЖҮК ҚАТЫНАСЫ (CB R СМГС) ТУРАЛЫ КЕЛІСІМІНЕ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ ЖҮК ҚАТЫНАСЫ (СМГС) ТУРАЛЫ КЕЛІСІМІ

АПАТ КАРТОЧКАЛАРЫ

ТЕМІРЖОЛДАР БОЙЫНША ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүктердің теміржол көлігімен тасымалдарын ұйымдастыру шарты

Халықаралық және ішкіреспубликалық қатынастарда жүктердін теміржол көлігімен тасымалдарын ұйымдастыру шарты (транзиттен басқасы)

Последние новости

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Подробнее