Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2085 / 26.12.2016 00:00

ҚТЖ-да жүктерді жөнелтудің қағазсыз технологиясы сәтті мақұлданды

Павлодар бөлімшесінің ЖТ станцияларында шарттық және коммерциялық жұмысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі — ЖКЖ БАЖ) енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылды.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ барлық он төрт өңірлік филиалында ЖКЖ БАЖ кезеңдеп енгізу шаралары 2017 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

ЖКЖ БАЖ енгізу мақсаты — жүк теміржол тасымалдарын тиімді басқару, мәлімдемелердің айлық портфелін қалыптастыру процесстерін автоматтандыру, тасымалдау құжаттарын дайындау, жүк тасымалдарының төлемдерін жүзеге асыру, алдын ала электрондық ақпараттандыру, ақпараттық жүйелердің трансшекаралық өзараәрекеттесуі.

Тұжырымдамалық тұрғыдан ЖКЖ БАЖ посткеңестік кеңістіктегі теміржол әкімшіліктерінің технологиялық АТ-жүйелері арасында ұқсас жүйелер жоқ деуге негіз бар.

ЖКЖ БАЖ жүйесі — клиентке бағытталған. Ол қағаз құжат айналымын ықшамдап, Қазақстан аумағы бойынша жүктерді жөнелту және тасымалдау процессінің мөлдірлігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Экспорттық және импорттық тасымалдауларға арналған хабарламалардың электрондық алмасудың жаңа жүйесін Павлодар облысының «Богатырь Көмір» ЖШС, «Еуроазиаттық Энергетикалық Корпорациясы» АҚ, «Восточный» кеніші сияқты жетекші жүк жөнелтушілері мақұлдап отыр.

ЖКЖ БАЖ тұтынушылары жүктерді жөнелтудің қағазсыз технологиясының ыңғайлығын жоғары бағалады. «Енді жүк жөнелтушілерінде қорларды «кабинеттер бойынша жүруге», сонымен қатар қолдарды жинауға жұмсау қажеттілігі жоқ. ГУ-12 нысанын тасымалдауға мәлімдеме беруден бастап тасымалдау құжатын дайындауға дейінгі бар процесс толығымен автоматтандырылған әрі мөлдір болдып табылады», — деп атап өтті компаниялар бірінің өкілі.

Дәл қазіргі уақытта тиеуге электрондық мәлімдемелерді рәсімдеумен байланысты он күндік жоспарлау барлық жол бөлімшелерінде енгізіліп отырса керек. ЖКЖ БАЖ жаппай енгізу «ҚТЖ — Жүк тасымалы» компаниясы үшін клиенттерге жүктерді тиеуге және жеткізуге қатысты қызметтерді көрсету сапасын арттыру мүмкіндігін бермек.

Қағазсыз технология Ресей Федерациясымен барлық мемлекетаралық түйісу пункттерінен өту уақытында да қолданылатын болады. Бұл жүк жөнелтушілері, олармен транзиттік жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді төлеу және тасымалдардың келісілген көлемдері жөніндегі мәліметтерді жедел тексеріп отыруға болысады. ЖКЖ БАЖ жүйесінің арқасында тауарлар мен көлік құралдарына қатысты, ақпарат және электрондық транзиттік мағлұмдама ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан аумағында орналасқан ЕЭО кедендік шекарасын өтуге дейін түсіп отырмақ. Электрондық түріндегі бұндай, ақпарат өңделіп, Ақтау, Достық, Сарыағаш, Алтынкөл, Болашақ сияқты маңызды түйісу пункттерінен қазірдің өзінде жөнелтілуде.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
212 / 27.09.2024

«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...

796 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

517 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер