Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2044 / 24.12.2016 00:00

Дегелен – Семей теліміндегі т/ж вагон рельстен шығып қалды

2016 жылдың 24 желтоқсаны күні 12 сағ. 20 мин. Семей жол бөлімшесінің Дегелен — Семей телімінде № 3498 жүк пойызының жүрісі кезінде «Petroleum» ЖШС компаниясына тиесілі бір вагонның рельстен шығып қалуы орын алды.

Құрбан болғандар және зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы келді. Құрамына «Petroleum» ЖШС өкілдері кірген «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы жұмыс жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, вагонның рельстен шығып қалуына бүйір жақ рамасының сынуы себеп болған. Вагонның меншік иесіне залал орнын толтыруға қатысты талап қойылатын болады.

Дәл қазіргі уақытта аталмыш телімдегі пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. «Лениногорск-Астана», «Алматы-1-Павлодар», «Павлодар-Алматы-1» маршруттары бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздары межелі жерлерге кешігіп келетін болды.

Қозғалыс 21 сағ. 30 ми. қалпына келтіріледі деп жоспарланған.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
212 / 27.09.2024

«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...

795 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

517 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер