Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
2023 / 18.11.2016 00:00

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-нда аудит жүргізілді

Ағымдағы жылғы қараша айының бірінші он күндігінде «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-да аудит жүргізілді. Сарапшы аудиторлар Менеджменттің біріктірілген жүйесін ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық/мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкестігіне тексерді.

Аудит қорытындылары бойынша СТ РК ИСО 9001–2009 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар», СТ РК ИСО 14001–2006 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқау», СТ РК OHSAS 18001–2008 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптар», СТ РК ИСО 50001–2012 «Энергоменеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқау» талаптарының сәйкестігіне қазақстандық сертификаттарды беру туралы шешімі қабылданды.

Жүргізілген аудитке қатысты есептерді сарапшы аудиторлар «IQNet» менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі ұлттық органдар қауымдастығының мүшесі болып табылатын «Quality Austria» сертификация жөніндегі халықаралық органына бағыттады. Алынған мәліметтер негізінде «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-на халықаралық үлгідегі сертификаттарды беру туралы шешімі қабылданатын болмақ.

«ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ
баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер